1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


​Лиро-эпостық жырлардағы поэтикалық тәсілдер мен көркемдегіш құралдар



бет94/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   148
102.Лиро-эпостық жырлардағы поэтикалық тәсілдер мен көркемдегіш құралдар.

Лиро-эпостық жырлардың көркемдік қасиеті қоғам өмірінің ұсақ сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын, философиясын жинақтайды. Жалпы поэтиканың мақсаты - үш саланы да толық қамтитын әдістердің жүйелі репертуарын жасау болып табылады. Шығарманың дыбыстық жағын (ырғақ, бунақ, ұйқас өлең өлең өлшемі, дыбыс толқыны т.б) зерттеуі негізінен нақты өлеңтану ғылымы қарастырады. Сөз табиғатына үңілгенде, шығарманың лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де бұл сала стилистика деп аталады. Бұл лингвистикалық стилистикадан өзгеше болады. Лекциялық өзгешелігі «Сөздерді таңдау» синтаксис «Сөздердің байланысы» стилистикалық фигуралар мен троптар ретінде поэтика мен риторика ертеден зерттелуде. Ал поэтика метадологиясының  өзгешелігі пән ретінде соңғы уақыттарда ғана зерттеле бастады. Образдық салада шығармадағы образдар сюжеттер  зерттеледі және  поэтиканың бір саласы болып табылады.

103.​Лиро-эпостық жырлардың тарихи жырлардан өзгешелігі, идеялық ерекшелігі.

Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лирикалық әрі эпикалық шығарма. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. Тарихи жырлар - белгілі тарихи окиғаға байланысты туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі сақтала бермейді. Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалық мақсаттар қаға-беріс қалып, жалпы халықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады.

Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай гасырмен бірге жасасып, әртүрліжағдайларды, таптық, қоғамдықтілектердіңыңғайына қарай өзгеріп отырған. Үрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіретін жырлардың өздері де таза күйінде халықтық сипатын толығынан сақтаған емес. Халықтық сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы қайшылықтар мен кемшіліктердің кездесуі осыдан. Сондай-ақ, халықтың лиро-эпос жырларын үстем тап та өз мүддесіне пайдаланған, жырдың халықтық идеясын бұрмалап, ескі әдет-ғүрыптың халыққа жат жақтарын мақтап көрсетуге тырысқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет