1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


«Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының көркемдік ерекшелігі, құрылысы, тілі



бет97/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

107. «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының көркемдік ерекшелігі, құрылысы, тілі.

«Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік стилімен оқырманды өзіне  баурап алады. Жырдың сарыны, әуені батырлар жырының желісіндей айтуға ыңғайлы. Тыңдаушысын жалықтырмайды. Бір оқиғадан соң екінші оқиға қара  сөзбен байланысып, түсініктеме беріле жалғасып отырады. Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс ерекшелігі, сауда-саттықпен айналыса бастаған  кезеңі, орыс отаршылдығымен бірге енген сөздерді кездестіруге болады. Сол сияқты, «Қыз Жібек» жырында  естірту, жоқтау, жұбату, айтыс, жырлай арнау, зарлай арнау, сыңсу т.б. кездеседі. Жырдың өне бойына  зер салып, тоқталғанымызда айшықтау Әсіресе аттың шабысын, батырдың ұрысын суреттегенде «Алпамыс», «Қобыланды батырлар» жырына ұқсайды. «Қыз Жібек» жырының бірнеше нұсқасы барын білеміз. Сол нұсқаларының кез келгені өзіндік жырлану стилімен көзге түседі.

Академик, жазушы  М.Әуезов «Қыз Жібек»  жыры туралы,  «қазақтың өткеннен қалған эпостық  мұрасының ішінде, «Қыз Жібек»  жыры асқан көркемдігімен ерекшеленіп,  оқшау танылады. Дастанның мол да алуан түрлі формасы оның күрделі де шебер композициялық құрылысы үйлесе  үндесіп келген» деген.

М.Әуезовтың сөзімен айтсақ, алуан түрлі  формасы  дегеніміз не? Ол жырдағы естірту, арнайы жырлау, қоштасу, араздасу, түс көру, әмеңгерлік, көңіл айту, өтініш, айтыс, бата, тілек т.б салт жоралғылар мен көркемдегіш құралдар жиынтығы болып табылады. «Қазақ әдебиетіңнің тарихы» деген еңбекте де «Қыз Жібек» жырының көркемдігі біршама ашылған, бірақ авторлық ұжым «Қыз Жібек» жырының мазмұндық ерекшелігін, кейіпкерлердің ерекшелігін таңдауды мақсат тұтқан.

Дастанның ең құнды жағының өзі оның тілінің таза, бай, көркем болып жасалуында. Сан алуан әсірелеу, көркем ұқсатулардан басқа кейбір жеке-жеке сөздердің шеберлігі де сұлу, жатық. «Ай қараңғы көшесі, айдың өткен кешесі» дейтін сөз кестесінің көркемдігі бұған дәлел бола алады. Жырда мұндай образды сөз кестесі өте көп. «Асуда асу бел дейді, аса бір соққан жел дейді» дейтін  сөз шумақтары да сыртынан қарағанда әншейін ғана бір сөз ұйқасы сияқты» деп айтылған.

«Басыр басыр, басырды, аққа құлып жасылды», — дейтін жырдағы ақынның тілінің шеберлігіне, композициялық көркемдігіне шолу жасап, бағыт-бағдар береді. Әрине, бір екі ауыстыру (метафора) ұлғайту (гипербола),  кішірейту (литота)  мысалдар келтірілген. Ол төмендегіндей:

Қанатым де қияғым,

Табаным да тұяғым,

Көлге  біткен құрағым,

Суырылып озған пырағым.

Кішірейтуге (литота):

Дария шалқар көлеміз

Жер болып қалған суалып.

Жырдың өзіне тән стилін, тілін  көркемдік тұрғысынан қарастырған ғалым Қ. Жұмалиев: «біздің айтайын дегеніміз тілінің жалпы көркемдігі емес,  басқа жырларда жоқ, кейбір ерекшеліктері, жырда кездесетін (эллипсис)сөз  тастап кету туралы да», — деп өз  ойын білдіреді.

Жұмалиев Қ. Сөз тастап кету, бір жағынан жыр жыршының  ойының логикасының кеңдігін, ұтқырлығын көрсетсе, екінші жағынан оқырманның ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. М. Ғабдуллин де  өзінің жыр туралы пікірін айта келіп, былай түйеді: «Қыз Жібек» ақындық тіл жағынан да әдемі жырдың бірі. Неше түрлі әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, әдемі теңеулер, сөз айшықтары жиі ұшырайды. Жыршы ақын халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген». [9; 274]

 1887 және 1900 жылғы  басылымдарды салыстырып көркемдік стилін біршама аштық. Енді 1894 ж  «Қыз Жібек хикаясы», 1957, 1959 жылғы басылымдар туралы бір ауыз сөз айтқанды  жөн көрдік. 1894 жылғы Қазан қаласында басылған нұсқасы. Мұнда жырдың кіріспесі қара сөзбен әңгімеленіп беріледі. Мазмұны жырланғаннан көрі, көбінесе қара сөзді әңгімесі басым. Жалпы, 1894, 1957, 1959 жылғы басылымдардың мазмұн  желісі бір. Тек қана кейбір сөздерде әлқиссаның түсінігінде ауытқулар бар. Мысалы, 1894 жылда жазатын (93), 1957 жылда «Жауаптұғын» немесе 1894 жылда «Мекке таман барамын» болса  (95), 1957 жылда «Мекке  тарап барамын» — деп өзгеріске ұшыраған.

 Қорыта айтқанда  тіл байлығы ерекшелігі жағынан «Қыз Жібек» жыры қазақ ауыз әдебиетінде жеке дара тұрған ғажап туынды, шын мәніндегі шедевр екендігіне күмән жоқ.мен троптың түрлері жиі кездесетінін байқауға  болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет