126.Айтысты мазмұны мен тақырыбына,түріне қарай жіктеу
Айтыс табиғи дамуына, тақырыбына, көркемдік ерекшеліктеріне, мақсаты мен міндетіне қарай отандық ғылымда төмендегідей түрлерге жіктеліп келгені әзірге белгілі:
1.Әдет-ғұрып айтысы: Бәдік айтысы, Өлі мен тірінің айтысы, Жар-жар, Қыз бен жігіт айтысы (Қайымдасу), Қағысулар үлгісіндегі айтыстар.
2.Ақындар айтысы: Ру айтысы, Жұмбақ айтыс, Дін айтысы, Жазба айтыс, Қазіргі күнгі айтыс (Телевизиялық айтыс).
Әдет-салт айтысы топтық түрде, қандай бір рәсімді атқару мақсатында, жаттанды өлеңді, дағдылы әуенмен жікке бөлінген екі тарап алма-кезек хормен орындау арқылы жүзеге асады. Бұл туралы М.Әуезов «Бұл алуандас әдет-салт айтысы, көбінесе, өнер жарыстыру айтысы емес, тек дағдылы жолды атқару (жар-жар), ырым, наным бойынша ем-домға арнап айту (бәдік) ретінде ғана орындалады. Ондай айтыстардың өлең сөздері де көбінше ауыздан-ауызға көшіп жүретін жаттанды сөздер болады. Сондықтан, әдет-салт айтыстарында «жеңу», «жеңілу» сияқты қорытындылар болмайды. Және өзге өнер жарысының айтысындай бір жаққа екінші жақтың жол беруі, бәйге тартуы болмайды»,- деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |