Тәуелдік жалғау өз мағыналары арқылы зат есімнің тәуелдеу категориясын қалыптастырады.
Септік жалғаулары – зат есімнің септеу категориясының негізгі көрсеткіштері.
Зат есімнің синтаксистік ерекшеліктері.Зат есім атау септігінде келіп бастауыш қызметін атқарады. Ілік септігі арқылы анықтауыш бола алады. Басқа септіктер, септулік шылаулар зат есімді не толықтауыш, не пысықтауыш қызметіне қояды. Зат есімнен баяндауыш жасайтын арнайы морфологиялық тұлға жоқ, зат есім лексикалық мағынасы арқылы бастауышқа тән жай-күйді атап баяндауыш бола береді. Зат есімене жасалған баяндауыш құрамындағы жіктік жалғау баяндауышты тиянақты тұлғаға айналдыру және оны бастауышпен байланыстыру қызметтерін атқарады. Түрленбеген зат есім сын есімнің орнына жұмсалып (адъективтеніп) анықтауыш, үстеудің орнына жұмсалып (адвербиалданып) пысықтауыш та бола береді.
Сын есім. Сын есім –заттың сындық белгілерін білдіретін сөздер. Басқаша айтсақ, тілдегі сын есім қатарына жататын сөздер шындық өмірдегі заттар мен заттық ұғымдардың әр алуан белгілерін: сапасын, өлшем-көлемін, салмағын, түсін, қасиеттерін, т.б. атайды.
Сын есімнің лексика-семантикалық ерекшелігі. Сын есімдер лексикалық мағынасына қарай сапалық сын және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есімдер – заттың сындық белгілерін лексикалық мағынасы арқылы тікелей атайтын сын есімдер. Мысалы, көк, үлкен, әдемі, т.б.. Қатыстық сын есімдер – заттың сындық белгілерін басқа ұғымды қатыстыру арқылы атайтын сын есімдер. Мысалы, күзгі, таулы, желсіз, сөзшең, т.б. Қатыстық сын есімдер сапалық сын есім қатарына өтіп кетуі мүмкін. Мысалы, Үйге мылтық-наган асынған қарулы адамдар кіріп келді. Есен – кесек денелі, қарулы жігіт. Бірінші мысалдағы қарулы сөзі қатыстық сын есім қатарына, екінші мысалдағы қарулы сөзі сапалық сын есім қатарына жатады.
Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімдерді бір-бірінен ажыратудың жолдары: