1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет61/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
екі үлкен алтын қол сағат сан есім мен зат есімнің бір-бірінен алшақ орналасқанына қарамастан екі сағат тіркесіндегі байланысты жанасу дей алмаймыз. Сол сияқты үлкен сағат немесе алтын сағат байланыстары да қабысу байланысына жатады. Дәл осындай құбылыс етістікті тіркестерде де кездеседі:
5. Синтаксистік қатынас туралы түсінік. Сөздердің арасында синтаксистік байланыс орын алған жерде синтаксистік қатынас та орын алады. Синтаксистік қатынас дегеніміз – синтаксистік байланыстың мазмұны. Байланыс орнаған жерде компоненттер арасында мағыналық қарым-қатынас та орнайды. Мысалы, тоғайға бару тіркесінде байланыс зат есім мен етістіктің арасында барыс септігі арқылы орнаған. Байланыс меңгерудің қатарына жатады. Бұл – байланыстың тұлғалық жағына қатысты ерекшеліктер. Енді осы байланыс арқылы пайда болған сөздердің қарым-қатынасына келсек, бағыныңқы басыңқыдағы қимылдың нақты бағытын білдірген. Бұл – байланыстың мағыналық жағы. Синтаксистік қатынас деп отырғанымыз да – осы: байланыстың мағыналық жағы.
Сөйлемдегі сабақтаса байланысқан сөздер арасындағы синтаксистік қатынастар предикаттық қатынас және предикаттық емес қатынастар болып екіге бөлінеді. Предикаттық емес қатынастарға анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық және айқындауыштық қатынастар жатады. Бұл қатынастар – бір ортақ белгі арқылы топтастырылған қатынастар, бұл қатынастардың әрқайсысы өз ішінен сан алуан мазмұндарға жіктеліп кете береді. Мысалы, анықтауыштық қатынас дегеніміз байланысқан екі сөздің бірінің, басыңқысының, зат есімнен болуына орай, бағыныңқысы оны әр қырынан сипаттай келген қатынастар, бұл қатынас өз ішінен мыны мазмұндардан тұруы мүмкін: бағыныңқы басыңқының санын білдіреді, екі журнал, бағыныңқы басыңқының ретін білдіреді, екінші қабат, бағыныңқы басыңқының жалпы сан-мөлшерін білдіреді, көп бала, бірнеше кісі, бағыныңқы басыңқының көлемін білдіреді, мол су, үлкен арман, биік тау, бағыныңқы басыңқының пішінін білдіреді, бұжыр бет, қисық бұтақ, т.б. Мұндағы алғашқы екі мысал – «Сан есім – зат есім» үлгісісіндегі қабыса байланысқан сөздер болса, қалғандары – «Сапалық сын есім – зат есім» үлгісіндегі қабыса байланысқан сөз тіркестері. Бірақ бұл мағыналық қатынастар бір ғана «Сапалық сын есім – зат есім» үлгісіндегі қабыса байланысқан сөз тіркестерінде болатын қатынастарды толық қамтыған дей алмаймыз. Оның үстіне «Қатыстық сын есім – зат есім» үлгісінде, «Зат есім – зат есім» үлгісінде, «Есімше – зат есім» үлгісінде, «Есімдік – зат есі» үлгісінде қабыса байланысқа сөздер арасындағы мағыналық қатынастарды қосыңыз. Бұлардың әрқайсысы бірден он-он беске дейінгі мағыналық қатынастарды білдіре алады. Және олардың бәрі анықтауыштық қатынастың шеңберінен шықпайды. Енді бұлардың қатарына (қабыса байланысқан сөздер арасында болатын анықтауыштық қатынастардың қатарына) матаса байланысқан сөздер арасындағы қатынастарды қосып көріңіз. Сол сияқты толықтауыштық қатынастардағы сөздерді тура толықтауыш және жанама толықтауықтауыш деп бөлу бар. Жанама толықтауыштыардың өзі ішінен бірнеше қатынасқа жіктеліп кете береді. Сондай-ақ пысықтауыштық қатынастар да алдымен алтыға, одан әрі олардың әрқайсысы өз ішінен әр түрлі мазмұндарға жіктеліп кете береді.
Синтаксистік қатынас сөйлемдегі салаласа байланысқан сөздердің (бірыңғай мүшелердің арасында да орын алады. Мысалы, Киімі жеңіл, бірақ жылы десек, бірыңғай баяндауыштар бір-біріне қайшы мағынада келген, Әрі жылынасың, әрі демаласың дегенде, салаласа байланысқан сөздер арасында ыңғайластық қатынас орын алған, т.т. т.б.
Біз сөз етіп отырған қатынастарды сөйлем мүшелерінің арасында болатын құбылыс деп танушылар да болар. Бірақ сөйлем мүшесі болсын, жеке сөздер болсын, мейлі айқындауыш мүше мен айқындалушы немесе жай сөйлемдер болсын, синтаксистік компонент болған және синтаксистік байланыс бар жерде синтаксистік қатынас та болатынын жоққа шығара алмаймыз. Ол компоненттер қандай синтаксистік деңгейге жататыны (құрмалас сөйлемнің компоненттері, сөйлем мүшелері, сөз тіркесінің сыңарлары), қандай синтаксистік бірлікті, синтаксистік құрылымды қалыптастыратынына қарай сол деңгейде сөз еткенде, сол компоненетер арасында қалыптасатын мағыналық қатынасты назардан шығарып тастауға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет