1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет2/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Морфологиялық талдау әдістемесі.
Морфология – тілдегі сөздердің тұлғасы, құрамы мен құрылысы, сөз таптары мен олардың түрлену жүйесі туралы ғылым. Ендеше морфологиялық талдаудың сатыларындағы тапсырмалар да осы мәселелерді қамтуы тиіс.

  1. Морфологиялық талдау барысында атқарылатын жұмыс түрлері. Морфологиялық талдау жасауда жүзеге асырылатын жұмыстарды мазмұнына қарай төрт кезеңге бөлуге болады:

1-кезең: морфологиялық талдаудың нысанын (объектілерін) айқындап алу;
2-кезең: айқындалған талдау нысандарына морфемдік талдау жүргізу;
3-кезең: әрбір морфологиялық тұлғаның ерекшеліктеріне сатылай талдау жүргізу;
4-кезең: сатылардағы талдау нәтижелерін жинақтау.
Морфологиялық талдау берілген сөйлемдегі талдауға түсетін cөздерді, сөз тұлғаларын дұрыс айқындап алудан басталады. Талдаудың нысанына кез келген морфологиялық тұлға, кез келген морфема алынғанмен, ол тұлғалардың қай сатыда сөз болатынының маңызы зор. Морфемдік талдау барысында (талдаудың екінші кезеңінде) әр морфеманың аты аталып, түсі түгенделгенмен, олардың жеке қасиеттері үшінші кезеңде, сатылай талдау барысында әр сатыда айқындалады.

  1. Морфологиялық талдау нысанын айқындау. Сөйлемде неше талдау нысаны бар екені сол сөйлемдегі әр сөзге жеке сұрақ қою арқылы реттеледі. Мысалы, Бала мектепке қарай келе жатыр деген сөйлемде бала, мектеп, кел сөздері ретіне қарай кім? не? не істе? деген сұрақтарға жауап бере алады. Ал қарай, жатыр сөздеріне жеке сұрақ қоя алмаймыз. Ендеше толық лексикалық мағынасы бар болғандықтан сұрақ қойылатын бала, мектеп, кел сөздері морфологиялық талдаудың үш бөлек нысанына айналады да, қарай, жатыр сөздері өздері жетектелген толық мағыналы сөзге грамматикалық мағына үстеп, оларды түрлендіруші болғандықтан, қай сөзге жетектелсе, сол сөзбен бірге талдауға түседі. Яғни, берілген сөйлемде үш талдау нысаны бар:

  1. Бала;

  2. мектепке қарай;

  3. келе жатыр.

Морфологиялық талдаудың жеке объектісі бола алатындар:

  1. Сөйлемдегі толық лексикалық мағынасы бар кез-келген сөз;

2) Мақал-мәтелдер арқылы ой-тұжырым берілетіндіктен, оның құрамындағы сөздер ойды құрайтын ұғым атаулары болғандықтан, дербес грамматикалық бірлік ретінде танылып, морфологиялық талдаудың объектісіне кіреді;
3) Тұрақты сөз тіркестері құрамындағы сөздердің санына қарамастан жеке ұғымды білдіретін лексика-грамматикалық біртұтас тұлға ретінде, яғни, бір сөз ретінде талдауға түседі. Мысалы, Біраздан соң жас жігіттің тілі күрмеле бастады деген сөйлемдегі тілі күрмелу негізгі түбір зат есім мен негізгі түбір етістіктің тіркесінен тұратын күрделі етістік;
4) Көмекші сөздер (көмекші есім, көмекші етістік, шылау және сын есімнің асырмалы шырайының көрсеткіші болатын тіпті, аса, өте, т.б. көмекші сөздер де) өзі жетектеліп келген сөздің аналитикалық тұлғасын жасайтын грамматикалық бірлік ретінде қарастырылады (жаңа сөз тудыру қызметінде келгендерден басқалары). Мысалы, Жұмыс аяқталып келеді деген сөйлемдегі кел көмекші етістігі сөздің (етістіктің) аналитикалық тұлғасын жасап тұрғандықтан сөз түрлендіруші форма ретінде талдаудың бесінші сатысында қаралады, Түтін бұрқ етті деген мысалдағы ет көмекші етістігі еліктеуішке тіркесіп құранды күрделі етістік жасап тұрғандықтан сөз тудырушы форма ретінде талдаудың бірінші, екінші сатысында сөз болады;
5) Қосымша және көмекші морфемалар сөз тудыру немесе сөз түрлендіру қызметінде келгендігіне қарай талдаудың әр сатысында бөлек сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет