Қозғалу етістіктері. Бұл қатардағы етістіктерде субъектінің бір орыннан екінші орынға ауысатынын білдіретін ортақ мағына болады. Қозғалу етістіктері де өз ішінен бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлінеді:
Бағыт-бағдарсыз, жалпы қозғалыс етістіктері: жүзу, малту, қалқу, қалқу, ағу; жүру, шабу, еңбектеу, сырғу, жорту, желу; ұшу, самғау, қалықтау, құлау, құлдилау, т.б.;
Объектіге жақындау етістіктері: келу, жақындау, жанасу, маңайлау, қапталдау;
Объектіден алыстау етістіктері: кету, ұзау, алыстау, жөнелу, қашу ;
Қимылдың жоғарыдан төменге бағытталғанын білдіретін етістіктер: түсу, құлдилау, төмендеу, құлау, төгу, т.б.;
Қимылдың төменнен жоғарыға бағытталғанын білдіретін етістіктер: шығу, өрмелеу, өрлеу, т.б.;
Кедергілі етістіктер: кіру, шығу, өсу, асу, аттау, секіру, т.б.;
Қарқынды етістіктер: шабу, желу, жүгіру, зырлау, т.б.;
Амал етістіктері: жорғалау, ентелеу, елпеңдеу, талтаңдау, байпаңдау, арбаңдау, т.б.;
Сұйықтық етістіктері: ағу, тамшылау, сорғалау, атқылау, құю, төгу, саулау, т.б.;
Сөйлеу етістіктері. Сөйлеу етістіктері осы қатарға жататын сөздердің бәрінде болатын дыбыстау, хабар жеткізумен байланысты мағыналары арқылы бір үлкен лексика-семантикалық топ құрайды. Бұл қатардағы етістіктер де өз ішінен бірнеше кіші лексика-семантикалық топтарға жіктеліп кетеді:
Хабарлау етістіктері: айту, сөйлеу, деу, хабарлау, жеткізу, дерек беру, аузынан шығып кету, тілге келу, сөзге араласу, әңгімелеу, баяндау, т.б.;
Сөйлесу етістіктері: сөйлесу, әңгімелесу, әзілдесу, айтысу, т.б.;
Сұрау-жауап мәнді сөйлеу етістіктер: сұрау, тергеу, жауап беору, іздеу, т.б.;
Көңіл-күйлі сөйлеу етістіктері: мысқылдау, келекелеу, келемеж ету, мазақтау, қарғау, балағаттау, мадақтау, жамандау, т.б.;
Жеке қарым-қатынаспен байланысты сөйлеу етістіктері: жалыну, жалбарыну, сұрану, тілеу, мінәжат ету, бұйыру, өкім ету, әмір қылу, кеңес беру, насихат жасау, т.б.;
Бейнелік мәнді сөйлеу етістіктері: міңгірлеу, оттау, былшылдау, бөсу, шәікілдеу, сыпсыңдау, т.б..
Достарыңызбен бөлісу: |