1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


Сөз тіркесі (синтаксистік сөз тіркесі) туралы түсінік



бет52/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Сөз тіркесі (синтаксистік сөз тіркесі) туралы түсінік. Қазақ тілінде сөз тіркесіне беріліп жүрген анықтамалар, негізінен, оның негізгі үш белгісін қамтиды: «Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз». (Балақаев. М. Қазіргі қазақ тілі, 1992, 35-б.).
Анықтамадан көрінетіні, тілдік бірлік, синтаксистік құрылым сөз тіркесі деп танылуы үшін:

  1. кемінде толық мағыналы екі сөз керек;

  2. олар бір-бірімен бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы сипатта сабақтаса байланысуы тиіс;

  3. сөздердің арасында белгілі бір синтаксистік қатынас (анықтауыштық, толықтауыштық немесе пысықтауыштық қатынастың бірі) орнауы міндетті.

Сөз тіркесіне тән осы белгілер оны сөз тіркесіне ұқсас басқа тілдік белгілерден ажыратуға негіз болады.
Сөз тіркесі басыңқы сөздің қай сөз табынан екендігіне қарай есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. Басыңқы сыңары есім сөздерден болған сөз тіркестері есімді тіркестер, басыңқысы етістіктен болған сөз тіркестері етістікті тіркестер деп аталады.
Сөз тіркестерін бұдан әрі құрамындағы сөздердің байланысу түріне қарай матаса байланысқан есімді сөз тіркестері, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері, қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесеті; сондай-ақ қатынастың мазмұнына қарай анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері деген топтарға жіктеуге болады.

Тақырып: Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.


Сабақтың мазмұны:

  1. Сөйлем мүшесі туралы түсінік;

  2. Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып бөлінуі;

  3. Бастауыш, оның жасалу жолы;

  4. Баяндауыш, оның жасалу жолдары;

  5. Толықтауыш, оның жасалу жолдары;

  6. Пысықтауыш, оның жасалу жолдары;

  7. Анықтауыш, оның жасалу жолдары;

  8. Сөйлем мүшелерінің құрылысына қарай түрлері: дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше;

  9. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, бірыңғай мүшелерге қатысты жалпылауыш сөз;

  10. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.


Сабақ мақсаты: Сөйлем мүшесі туралы түсінік беру, сөйлем мүшелерінің не себепті тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып бөлінетінін түсіндіру. Сөйлем мүшелерінің анықтамалары мен жасалу жолдарынан түсінікті тиянақтау. Сөйлем мүшелерінің құрылысына қарай дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше болатынын үйрету. Бірыңғай мүше, айқындауыш мүшелер туралы түсініктерді кеңейту. ;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет