1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет55/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Сабақтас байланыс басыңқы және бағыныңқы компоненттерден тұрады.
Басыңқы компонент қалыптасатын синтаксистік бірлікке (құрылымға: сөз тіркесі, сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, т.б.) ұйтқы, тірек болатын компонент.
Бағыныңқы – басыңқы компонентті мағыналық жақтан сипаттай келетін, тұлғалық жақтан басыңқыға тәуелді болатын компонент. Бағыныңқының басыңқыны сипаттауы дегеніміз сөйлемдегі сөздер арасында бірі екіншісін анықтау, толықтау, пысықтау, баяндау, айқындау мақсатында жұмсалуы, ал сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттері арасында бағыныңқы сөйлемнің басыңқының мезгілін, себебін, шартын, мақсатын, т.б. қырларын білдіру үшін қолданылуы.
Жоғарыдағы мысалдан айқындалған Каспийге құяды және Аралға құяды тіркестерінде компоненттер арасында пысықтауыштық қатынастар орын алған. Дәлірек айтсақ, екі мысалда да барыс септігіндегі зат есімдер етістікте аталған қимылдың адресат-мекенін, нақты бағытын білдірген. Мұндағы басыңқы компонент – екі мысалда да бір сөздің қайталануы арқылы болған: құяды, бағыныңқылар – бірінші мысалда Каспийге, екінші мысалда Аралға. Құяды етістігінің басыңқы екенін қалай дәлелдеуге болады? Біріншіден, етістік арқылы аталған қимыл барыс септігіндегі зат есім арқылы бағыты жағынан сипатталып тұр, өзі сипаттап тұрған жоқ. Бұл – сабақтас байланыстың мағыналық қыры. Екіншіден, басыңқы етістік онымен байланыс орнатқан барыс септігіндегі зат есім тарапынан соның талап етуі бойынша белгілі бір қосымшаны қабылдауға мәжбүр болып тұрған жоқ. Бұл етістіктің құрамындағы көсемше мен жіктік жалғауларының қызметтері осы сөздердің байланысына қатыссыз: көсемше етістікке ауыспалы (дағдылы) осы шақ мағынасын жамап, оны баяндауыш қызметіне қойса, жіктік жалғауы үшінші жақ мағына жамау арқылы оны (баяндауышты) бастауышпен байланыстыруға қызмет еткен. Сондықтан етістіктің құрамындағы қосымшаларды басқа қосымшалармен ауыстырсақ (Аралға құйса, Аралға құймақ, Аралға құйған, т.б.) немесе алып тастасақ (Аралға құю), сөздердің арасындағы бағыныңқы басыңқыдағы қимылдың бағытын білдіретін мазмұннан тұратын пысықтауыштық қатынасқа еш өзгеріс енбейді. Ендеше, басыңқы болып тұрған етістік тұлғалық жақтан бағыныңқыға тәуелсіз: қосымшаларды зат есімнің талабы бойынша қабылдаған жоқ.
Сөйтіп басыңқы компонентке тән белгілер мыналар болғаны: біріншіден, ол мағыналық жақтан басқа сөзді өзі сипаттамайды, керісінше, басқа сөз (бағыныңқы компонент) тарапынан анықталып, пысықталып, толықталып, баяндалып, айқындалып тұрады; екіншіден, тұлғалық жақтан басқа сөздің талап етуі бойынша белгілі бір сөз байланыстырушы тұлғалармен түрленбейді, керісінше, өзі бағыныңқының өзінің алдынан (препозицияда тұруын) келуін немесе оның белгілі бір сөз байланыстырушы тұлғада тұруын талап етеді.
Жоғарыдағы мысалдардағы бағыныңқы компоненттер (Каспийге, Аралға) мағыналық жақтан басыңқыдағы қимылдың нақты бағытын білдіру үшін қолданылған, яғни, екі сөз пысықтауыштық қатынаста келген. Бұл қабілетке олар барыс септігінің жалғауы арқылы қол жеткізген. Яғни, барыс септігі зат есімге зат (Каспий, Арал) қимылдың (құю) нақты бағыты екенін білдіретін мағына үстеген. Сондықтан бұл мысалдарда зат есімдер етістікпен барыс септігі арқылы байланысты дейміз. Және зат есімдер барыс септігінің жалғауын басыңқы етістіктің талабы бойынша қабылдаған. Құю қимылы – біріншіден, сұйық заттармен байланысты әрекет. Ендеше, құю етістігінің лексикалық мағынасында «сұйық» семасы бар. Сондықтан бұл етістік лексикалық мағынасында осы «сұйық» деген сема бар кез-келген сөзбен тіркесе алады. Бірақ бұл –сөздердің лексикалық деңгейдегі ғана тіркесімділігі. Екіншіден, құю қимылы бағытпен байланысты. Кез келген сұйық заттың құйылу бағыты болады. Ендеше құю етістігінің келесі бір семасы – «бағыт». Сондықтан бұл етістік өзі білдіретін қимылдың бағытын білдіретін сөздерді қабылдап, байланыса алады және бағыт болатын заттарды атайтын сөздердің барыс септігінде тұруын талап етеді. Өйткені зат қимылдың нақты бағыты екенін білдіретін мағына – осы барыс септігінің мағынасы. Басқа сөз байланыстырушы тұлғалардың ешқайсысы дәл осы мағынаны білдіре алмайды. Міне, сондықтан бағыныңқы (Каспийге, Аралға сөздері) басыңқыны (құю етістігін) мағыналық жақтан сипаттап (жалпылап айтсақ – пысықтап, дәлірек айтсақ – қимылдың нақты бағытын білдіріп), тұлғалық жақтан басыңқының талабы бойынша барыс септігінің жалғауын қабылдаған дейміз.
Ендеше бағыныңқыға тән белгілер мыналар болғаны: біріншіден, бағыныңқылар басыңқы сыңардың қандай да бір белгісін сипаттау үшін (жалпылап айтқанда – анықтау, толықтау, пысықтау, баяндау, айқындау үшін, нақтыласақ – анықтаудың өзі заттың түсін білдіру, көлемін білдіру, санын білдіру, т.б.с.с. мағыналардан тұрады, сол сияқты басқа қатынастар да өз ішінен түрлі мағыналық топтарға жіктеліп кете береді; сонымен қатар сабақтас құрмаластардағы бағыныңқы компоненттердің басыңқымен өзара қарым-қатынастарын жеке грамматикалық категория деп тануға болады) жұмсалады, екіншіден, басыңқының талабы бойынша белгілі бір сөз байланыстырушы тұлғаларды қабылдап жұмсалады немесе сөз байланыстырушы тұлғамен түрленбеген жағдайда басыңқының алдынан орналасады.
Синтаксистік байланыстар сөздердің арасында орнау ыңғайына қарай бір жақты байланыс және екі жақты байланыс болып екіге бөлінеді.
Бір жақты байланысқа қабысу және меңгеру сияқты байланыс түрлері жатады. Бұл байланыстарда бағыныңқының мағынасы басыңқының мағынасын сипаттау үшін жұмсалады да, басыңқы өз мағынасын бағыныңқыдан бағытталған мағына арқылы нақтылап тұрады. Сондай-ақ бағыныңқы тұлғалық жақтан басыңқының талабы бойынша түрленеді немесе препозицияға тұрады. Байланыс мағыналық жақтан да тұлғалық жақтан бір жақты – бағыныңқыдан басыңқыға қарай бағытталады.
Екі жақты байланысқа матасу мен қиысу жатады. Екі жақты байланыс байланыстың тек тұлғалық жағына қатысты. Өйткені мағыналық жақтан матасуда да, қиысуда да байланыс бір-ақ жақты – семантикалық бағыныңқыдан басыңқыға қарай бағытталады: матасуда (ілік септігіндегі) анықтауыштан (тәуелдік жалғауындағы) анықталушыға бағытталса, қиысуда баяндауыштан бастауышқа қарай бағытталады. Дәлірек айтқанда, матасуда ілік септігіндегі анықтауыш анықталатын зат есімнің иесін білдіру үшін, ал қиысуда баяндауыш бастауыштың іс-әрекет, жай-күйін білдіру үшін жұмсалады. Ал бұлардың тұлғалық жағына келсек, матасуда бағыныңқы басыңқының тәуелдік жалғауында тұруын талап етеді, басыңқы бағыныңқының ілік септігінде тұруын міндеттейді, сол сияқты қиысуда да бастауыш баяндауышпен атау септігі арқылы байланысады, баяндауыш бастауышпен жіктік жалғауы арқылы байланыс орнатады.
3. Синтаксистік байланыстың тәсілдері. Сөйлем құрамындағы сөздердің бір-бірімен синтаксистік байланыс орнатуына себеп, дәнекер болатын амалдарды байланыстың тәсілдері деп жүрміз. Қазақ тілінде байланыстың төрт тәсілі бар екендігі белгілі Олар: 1. Қосымша немесе жалғаулар арқылы байланыс; 2. Шылаулар арқылы байланыс; 3. Орын тәртібі арқылы байланыс; 4. Интонация арқылы байланыс.
Сөйлемдегі сөздердің байланыс тәсілдерін синтетикалық тәсіл (қосымшалар арқылы орнаған байланыстар) және аналитикалық тәсіл (орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы болған байланыстар) деп бөлу де бар. Сонымен қатар үйге дейін жүгірді үлгісіндегі тіркестерді септік жалғау мен септеулік шылау болғандықтан, синтетика-аналитикалық тәсіл ретінде көрсетушілер де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет