1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Кеңестік қоғамның идеологиялық дағдарысы



бет38/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
39. Кеңестік қоғамның идеологиялық дағдарысы

XX ғасыр басындағы әлем тарихында пайда болған алпауыт империяның бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағы. Ол 1922 жылдың 30 желтоқсанынан 1991 жылдың аяғына дейін өзінің марксистік-лениндік идеологиясына негізделіп өмір сүрген саяси-экономикалық құрылым. Соның кұрамында болған Қазақстан да кеңестік одақтың бір бөлшегі ретінде өзгелер сияқты осы идеологиямен өмір сүруге мәжбүр болды. Кеңестік идеология мемлекет бірлестіктерінің (федерация) негізгі ұстанымы болғандықтан оның құрамына енген республикалар азаматтарының жалпысына бірдей міндетті болды. Қарсы шыққандар мен оған бойұсынбағандар заңмен қудаланып, жазаланды. Марксистік-лениндік болып саналатын идеология Кеңес Одағын құрған тұлғалар мен сол тұлғалардың ұстанған бағыты нәтижесінде пайда болды. Бірақ біз оның барлығын марксизм-ленинизм идеологиясы – Кеңестік Одақ идеологиясы деп аталғанын білеміз. 1917 жылғы революциядан кейін басталды және оның кұрылуына барша кеңес адамдары атсалысты. Кеңестік идеологияның әуелгі бастауы марксизм болса, оған В.И. Ленин шығармаларының біршама бөлігі енгізілді. Сөйтіп ол марксизм-ленинизм идеологиясы деп аталды. Ол өз кезегінде XX ғасырдағы адамзат ойы мен оның жалпы интеллектуалдық деңгейіне пәрменді ықпал еткен құбылыс болды.  

Кеңестік идеология өзін ғылым ретінде қарастырып, оны негізгі үш тарауға жіктеді: 1) диалектикалық материализм (философия); 2) тарихи материализм (социология); 3) коммунистік қоғам туралы білім (оны ғылыми коммунизм деп те атайды). Жаңа қоғамдық құрылым өзегін қалыптастыруды ғылыми- практикалық мәні зор бас идеология ретінде кеңестік идеология өзі сүйенген қайнар көзден өзге деректерді біржақты терістей отырып, балама пікірлерді түбірімен жоққа шығарды. Мұндай біржақтылық жалпы жаратылысты тану, шынайы дүниетаным, қоршаған орта мен оның биофизиологиялық болмысын тануда өрескел қайшылықтар мен теріс тұжырымдар жасауға ұрындырды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет