1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет10/27
Дата18.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#94160
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
ОХТ сессия отв

Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру жəне бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты өңдеудің физикалық жəне физикалық-химиялық əдістердің жиынтығы. Байыту нəтижесінде құрамында пайдалы заттардың мөлшері аз шикізаттың орнына концентрленген шикізат алынады. Байытылған шикізатты қолдану барысында шикізаттың химиялық өзгеру жылдамдығы жоғарылау нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, сапасы, техникалық үдерістердің интенсивтілігі артады, отын шығыны төмендейді.
Байытуға қатты материалдар – əртүрлі тау жыныстары; сұйық материалдар – ерітінділер; газдар ұшырайды. Олар шикізат компонентінің физикалық, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттерінің əртүрлігіне негізделген.
Əдістердің көптеген тобы қатты материалдарды байытуға арналған. Шикізатты байыту əдістері – олардың фазалық күйіне тəуелді. 
Гравитациялық байыту (ылғалды жəне құрғақ) ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тəуелділігіне негізделген. Бұл əдіспен негізінен қаттылығы немесе тығыздығы əртүрлі минералдарды бөледі. Көбінесе, ылғалды байыту сулы ортада орындалады.
Гравитациялық(ылғалды) байытуға гидроциклон аппараттарын қолданылады. Бұл əдіс негізінен силикат материалдар минералдық тұз жəне металлургия өндірістерінде шикізатты байытуға кеңінен қолданылады.
Электрмагниттік байыту ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген. Ұсатылған шикізат магнит сепараторынан өткенде магнитке тартылатыны жəне тартылмайтыны екі фракцияға бөлінеді. Электрмагниттік байыту əдісі көбінесе темір кендерін – магнитті темір (магнетит) қызыл темір тас, қоңыр темір тас, темір колчедан жəне т.б. байытуға қолданылады, осы əдіспен шикізатты ұсақтағанда сырттан қосылған темірлерді, темір жаңқасын қоладан бөліп алуға болады.
Электрстатистикалық байыту ұсақталған шикізат құрамындағы əртүрлібөлшектердіңэлектрөткізгіштігініңөзгешіліктеріненегізделген. Электрстатистикалық сеператорларда магнит өрісінің орнына жоғары вольтты ток түзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродтар орнатылады. Электр өткізгіштігі жоғары минерал бөлшектері теріс зарядталады да, тебіліп алыстағы бункерге түседі, ал диэлектриктер транспортер лентасының астындағы бункерге жиналады. Осылай электр тогын өткізетін кендерді өткізбейтіндерден айырып алады.
Флотация физикалық-химиялықбайытуəдісі, əрікөпқолданылатын əдіс. Флотация ағылшынша “Flotatіon” – қалқып шығу деген сөз. Флотация технологиясының негізі – кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу-жұқпау қасиеттерінің əртүрлі болуына негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет