Жұмыс істеу қауіпсіздігі – қоршаған ортаға, қызметкерлергежəне қондырғыларға əкелетін зиянды əрекеттерден жұмысрежимінің бұзылу ықтималдығы.
Сезімталдық – өндірісті, қондырғыны пайдалану барысындарежимнің бұзылуына жəне пайдалану шартының өзгеруінеуақытында бақылау жасау. Бұл үдеріс көрсеткішінің болғанжағдайға байланысты ауытқулар өзгерісінің қатынасыменанықталады.
Басқару жəне реттеу – берілген шекте үдеріс көрсеткіштерін
мүмкіндігінше қалыпта ұстауды сипаттайды. Бұл басқарупараметрлері жəне олардың өзара əсерінің үдеріс шартынаөзгерісінің шамасымен анықталады.
Əлеуметтік көрсеткіштер – өндірісте жұмыс істеудіңқолайлығын жəне оның қоршаған ортаға əсерін сипаттайды.
Қызмет көрсетудің зиянсыздығы – газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі жəне т.б. талапқа сəйкес нормада болуынсанитарлықгигиеналық тұрғыдан қадағалау.
Автоматтандыру жəне механикаландыру дəрежесіөндірісті пайдаланудағы қол жұмысы мен ауыр еңбек үлесінанықтайды.
Экологиялық қауіпсіздік өндірістің қоршаған ортаға жəнеорналасқан аймақтың экологиялық жағдайына əсер ету дəрежесінанықтайды.
Химиялық өндірістің негізгі көрсеткіштері оны игеру, жобалау, жасау, пайдалану сапасына қойылатын талаптыңжоғары екенін көрсетеді.
5, Химия-технологиялық жүйе және үдеріс. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеу. Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:
– негізгі химиялық үдеріс:
– шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);
– шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;
– алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше
операциялармен жүзеге асырылады.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Жалпы алғанда химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады:
1. Шикізатты химиялық өңдеуге дайындау:
А>А:B>B
мұндағы, А, В – дайындауға дейінгі шикізат; А1 , В1 – дайындалған шикізат;
2. Дайындалған шикізаттың реакция өніміне дейін химиялық өзгерісі екі сызбанұсқамен жүреді:
A + В= C (негізгі реакция);
A + B=P (қосымша реакция),
мұндағы С – мақсатты өнім; Р – қосымша өнім.
3. Реакциялық қоспадан мақсатты өнімді бөлу жəне оны тазалау: