7.Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары. Химиялық өндірістерде ең қажетті төрт элемент бар,оларға шикізат, су,энергия және жұмыс күші. Осылардың ішінен ең бастысы – өнімнің өзіндік құнын, сапасын және технологиялық процестің дәрежесін анықтайтын элемент – шикізат.
Шикізат дегеніміз-өндіріс өнімдерін шығаруда пайдаланатын табиғи материалдар және жартылай өнімдер.
Химия өндірісінің шикізаттары әр түрлі белгімен топтастырылады. Химиялық өнеркәсіп шикізатын түрлі сипаттарына қарай бөледі: шығу тегі бойынша – минералдық, өсімдік және жануар текті; химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық және органикалық; агрегаттық күйі бойынша – қатты, сұйық (мұнай, тұздықтар) және газ тәрізді (ауа, табиғи газ және мұнай өңдеу газдары).
Химия өнеркәсібінде қол жетерлік арзан шикізат түрлері – ауа мен су, кеңінен қолданылады. Өсімдік пен жануар тектес шикізат – ағаш, мақта, майлар мен жануарлардың іш майлары, сүт, тері, жүн, т.с.с. – азық-түлік өнімдеріне (азықтық шикізат) немесе тұрмыстық және өндірістік өнімдерге (техникалық шикізат) өңделеді. Химия өнеркәсібінде шикізат бағасы өнім бағасының 60-70%-ын құрайды, бұл – шикізат мәселесін шешудегі негізгі бағыттарды анықтайды. Мұндай өзара байланысты бағыттар: 1) концентірленген шикізатты қолдану; 2) шикізатты кешенді пайдалану; 3) азықтық шикізатты – азықтық емес, ал өсімдік тектес шикізатты – минералды шикізатқа ауыстыру.
Шикізат проблемасын әр түрлі жолдармен шешеді: шикізат көзін өндіріске жақындату, яғни жергілікті арзан шикізатты пайдаланумен; қалдықтарды, негізгі өндірістің шаң және газды ұшатын заттарын жаңа өнімдерге өңдеу, пайдалы құраушылар концентрациясын жоғарылату мақсатында, шикізатты алдын ала байыту мен бір шикізатты үнемді басқасымен ауыстыру. Мысалы, химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты ретінде көмірді мұнай мен табиғи газға ауыстыру, жоғары экономикалық пайда береді.
. Химиялық өндірістің шикізатты пайдалану тұрғысынан ерекшеліктері:
– шикізат базасының көп варианттылығы, ауыл шаруашылық
өнімдері, ауа жəне су, химиялық өнеркəсіпте өңделген табиғи
шикізаттың (мысалы, құрамында фтор бар газдар, сульфаттар, фосфогипс жəне т.б.) жəне аралас салалардың (түсті металлургиядан, мұнай
өңдеуден, коксхимиядан шығатын газдар) өнімдері;
– əртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін
комплексті пайдалану мүмкіндігі;
– бір шикізаттан əртүрлі химиялық өнімдер алуға мүмкіндік береді.