26.Химиялық талшықтар өндірісі. Талшықтардың медицинада қолданылуы. Химиялық талшық, жасанды талшық — табиғи органикалық және синтездік полимерлерден алынатын талшықтар. Шикізатқа байланысты оның синтездік (синтездік полимерлерден) және жасанды (табиғи полимерлерден) жолмен алынатын түрлері болады.
➢ Жасанды табиғи органикалық материалдарды ( ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрліхимиялық заттармен: ацетон,сіркесу, азот,күкіртқышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады.Мұндай талшықтарға нитро-жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады
Жасанды талшықтар:
1. Вискозалы талшықтан жасалған маталар сыртқы түріәдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгіртнемесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсысіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім. Вискозаның кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігінжоғалтады (50 % ); тез отырып, қатты қыртыстанады.
2. Ацетатты талшықтардан жасалған маматалардывискозалық талшықтан айырмашылығы- шикізаттыңсірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде. Асетумлатын тілінен аударғанда –сірке қышқылы, сондықтанталшық ацетатты деп аталады. Ацетаттыталшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді,210 С темп. бүрісіп қалуымүмкін Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар.
➢ Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды : мұнай,таскөмір,табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады.Бұл заттардан жоғары молекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды ( нейлон,капрон,лавсан,т.б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады.
Синтетикалық талшықтар бөлінеді:
1.Полиамидті (капрон, дедерон, нейлон) ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Капрон маталардың кемшілігі: сусымалылығы, сетінегіштігі, ылғалсіңіргіштігі. Жоғары температураға төзбейді.
2.Полиэфирлі (лавсан, полиэстер) берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады.Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн,мақта, зығыр)қосып, көйлекке арналған маталар,, трикотаж шығарады.Таза күйінде лавсанды жіптер,техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Кемшілігі: жоғары температураға төзбейді.
3.Полиакрилонитрилді (нитрон, акрил, эластан(лайкра)) ең төзімді, берік, жылы, үлпілдек талшықтар. Олардан жасалған маталар жүнге ұқсас. Нитрон мен акрил талшықтарынан трикотаж бұйымдарын, сондай-ақ иірілген жіп дайындау кезінде пайдаланылады. Жүн, мақта, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді. Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады Нитрон, акрил, эластан жоғары температураға төзбейді, қоңыр түске еніп, балқиды,сонан соң бықсыған жалынмен жанады.
Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады:
➢ Иіру ертіндісін алу
➢ Талшықтарды қалыптау
➢ Өңдеу
Бірінші кезең - бастапқы материалдардан химиялықжолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу
Екінші кезең- алынған масса химиялық талшықжасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массаданталшықтар түзіледі. Бір машинада 60-100 сүзгіболады.Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24-36мыңға дейін.
Үшінші кезең – талшықтарды өңдеу.Алынған жіптержуудан, құрғатудан,иіруден,термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсартумақсатында сабын ертіндісімен өңдейді.
Химиялық талшықтарды жасау ерекшелігі: Оның.қалыпталу процесі бір мезгілде оны иіру де болыптабылады.