21. Метанол синтезінің физика-химиялық негіздері. Метанолдың медицинада қолданылуы. Метил спиртінің қасиеттерін таныспас бұрын ол туралы қысқаша мағлұмат беріп кетейік.
Метил спирті дегеніміз сумен әрі кейбір органикалық еріткіштермен де барлық қатынаста араласатын түссіз сұйықтық . Метил спирті у боп саналады, оның жалынының түсі түтемей солғын көгілдір боп келеді.. Иісі және дәмі бойынша метил спирті этил спиртінен еш айырмашылық жасамайды.
Физика-химиялық қасиеттері.
Метанол, метил спирті, ол пиролизде ағаш кезінде көп мөлшерде қалыптасады, сондықтан ол кейде ағаш спирті деп аталады, СН3ОН – иісі бар, түссіз сұйықтық;
• Тығыздығы 20С-та 0,7924 г/см3ге тең;
• балқу температурасы t – 97,9С қа тең
• ал қайнау температурасы t- 64,5С тең
Метанол сумен (кез келген өлшем мен концентрацияда), бензолмен, спиртпен, ацетонмен,және басқа да органикалық еріткіштермен оңай араласып реакцияға түседі.
Алынуы: синтез-газдан катализдік реакция арқылы
Метанолдың қолдану аясы өте үлкен:
Өнеркәсіпте: лактар, дәрілік заттар және бояуларға еріткіштер ретінде,сонымен қатар бірқатар қосылыстарды алудағы бастапқы рет ретінде көптеп қолданылады. Мысалға хлорлы метил , диметилсульфат, формальдегид , сірке қышқылы, әр түрлі эфирлер және т.б.
Сонымен қатар метанол этил спиртін денатурациялуда қолданылады, өзі антифриздің құрамына кіреді.
Метанолдың көзге зияны. Оның бар әсерінен көру жүйкелері, көз торлары зақымданады, ал кейде типті емделмейтін соқырлыққа апаруы мүмкін. Сондықтан метанолмен жұмыс жасауда мұқият болу керек
Метил спиртінің тағы зияны: клеткалар мен ұлпалардағы тотығу- тотықтыру процестері мен қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті бұзады
Және де отынға қоспа ретінде қолданылады.
Метил спиртінің метаболизмі:
Денеге түскен метил спиртінің ағзалар мен ұлпалар арасында таралады . Ол ең көп мөлшерде бауырда , ал кейін бүйректерде жиналады. Бұлшық еттерде, майда және бас миында бұл спирт аз мөлшерде жиналады .
Құмырсқа қышқылына дейін тотығатын формальдегид метил спиртінің метаболиті болып табылады.