22.Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері. Этил спиртінің медицинада қолданылуы. Жалпы спирттер құрамында бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар көмірсутек туындылары.Соның ішінде этил спиртіне тоқталайық.Этил спирті (этанол)-өзіне тән иісі бар,түссіз сұйықтық,қайнау температурасы 78,3 градус.Сумен кез келген мөлшерде араласады.Егер спирттің құрамында 4-4,5 пайыз су болса оны рефтикат,ал су болмаса абсалюттік спирт деп аталады.Енді этил спирттінің алыну жолына тоқталайық:ашытқы қатысында глюкозаның ашуы-C6H12O6=2C2H5OH+2CO2 нәтижесінде этил спирті және көміртек оксиді түзілді.Мұндай жолмен алынған спирт таза болады,тамақ және медицинада қолданылады.
Екінші алыну жолы бұл- алкендерге су қосу яғни гидротатциялау: C2H4+HOH=C2H5OH бұл жерде күкірт қышқылы катализатор қатысында жүреді.
Үшінші алыну жолы өнеркәсіпте көмірсутектердің моногологен туындыларын сілті қатысында гидролиздеп алады:
С2H5CL+NaOH=C2H5OH+NaCL
Төртінші алыну жолына альдегидтер тотықсызданғанда біріншілік спирттер түзіледі:
CH3COH=C2H5OH тотықсызданып тұрЭтил спирттінің қолданылуы: этанол дәрі-дәрмек жасауда,зарарсыздандырғыш зат ретінде медицинада пайдаланылады.Этил спирті химия өнер кәсібінде сірке қышқылын,бояу,синтездік көксағыз,диэтил эфирін заттар алуда қолданылады.Этанолдан ішімдіктер дайындайды.Дегенмен этил спиртінің улы және есірткі зат екенін ескерген жөн.Ол суда жақсы еритіндіктен қан құрамына бірден енеді де ,адам организіміне қауіп тигізеді.Қорытындылайтын болсақ, этил спирті химиялық өнеркәсіпте,медицинада кеңінен қолданылатын қөмірсутек туындылары.
23.Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу. Оның химия өнеркәсібінде қолданылуы. Ең алдымен ацетилен және оның қасиеттеріне қысқаша тоқтала кетсем. Ацетилен ол көмірсутектер қатарының бірінші мүшесі болып табылады. Ацетиленнің ашылуын алғаш анықтаған Э.Деви калий карбиді мен судың әрекеттесуі арқылы анықтағанболатын. Ол мына реакция бойынша өрнектеледі:
К2С2+2Н2О ->С2Н2+2КОН
Ацетиленнің қайнау температурасы-83,8 градус. Ацетилен жарылыс қауіпі бар қоспалар түзетін болғандықтан ол ауаға жіберілмейді. Сонымен қатар, өндірістік жұмыс істейтін орындардағы ауаның атмосферасында жүруін болдырмау қажет және көптеген ацетилені бар құрылғылар немесе қондырғыларға ауа жіберілмеу керек екендігін ескеру қажет. Себебі бұндай жағдайда қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Жалпы ацетиленнің қасиеті оның суда жақсы еритіні. Көптеген газ тәрізді көмірсутектердің ішінде ацетиленнің орын ерекше. Ацетилен қанықпаған қосылыс болағандықтан, оның молекулалары әртүрлі химиялық реакцияларға оңай енеді. Қазіргі кезде ацетилен кальций карбидінен және көмірсутектерді пиролиздеу арқылы өндіреді. Қазіргі таңда өнеркәсіпте ең жиі қолданылатын кальций карбидімен алу. Кальций карбидінен ацетиленді алу үшін кокс пен кальций тотығын қосып электродты пеште алуға болады. Ол мына реакция бойынша жүзеге асады: СаО+3С ->СаС2+СО
СаС2+Н2О-> С2Н2+Са(ОН)2 Н=127.1кДж
Құрамында кокс қоспасы болатын және кальций тотығы немесе басқада заттар болатын бір кг кальций карбидінен 230-280 литрға дейін ацетилен алуға болады. Жалпы осы кальцй карбиді ыдырағанда көптеген шарттарды еске алған жөн. Реакцийның бір қалапта жүруі кальций карбидінің түйіршіктерінің өлшеміне байланысты болып табылады, себебі бұл реакция гетерогенді болып табылады. Егерде кальций карбидінің түйіршіктері ұсақ болатын болса онда оны жиі араластырып отыру керек. Себебі, осы кальций түйіршіктерінде әк пайда болады да сол әктің салдарынан қондырғыны күйдіруі немесе зақымдауы мүмкін. Реакция жүрген кезде жылуды шығарып отырған жөн, себебі жоғары температурада ацетилен ыдырауы мүмкін.Ацетиленді алудың жиі қолданылатын әдістері метанды және көмірсутектерден пиролиздеу арқылы алу әдістері жатады. Процесті мына реакциялар арқылы жүргізуге болады:
2СН4-> С2Н2+3Н2 Н=376кДж С2Н6= С2Н2+2Н2
Ацетиленді алу үшін метанның пиролизі кезінде жүретін әр түрлі температурада жүретін жоғарыдағы реакциялар арқылы анықтауға болады.Жалпы бұл реакциялар эндотермиялық болғандықтан 1000-1300 градус аралығында жүргізіледі. Егерде реакцияның жүру жылдамдығы тезірек болуы үшін онда метанға 1500 градус, ал парафин көмірсутегіне 1500 градус температураға дейін көтеру керек. Алынатын өнімдердің құрамында ацетиленді көмірсутектер болады: метилацетилен, винилацетилен және т.б. Қалыпты пироиздеу әдісінде метанның 55 пайызы жануға жұмсалатын болса, ал 25 пайызы ацетилен алуға жұмсалады. Жалпы осы көмірсутектерді ацетиленге пиролиздеу арқылы алуға болады. Бұл әдісті үш жолмен жүргізуге болады: электрокрекинг, көмірсутектердің жоғарғы температурадағы пиролизі және көмірсутектердің тотығу пиролизі арқылы. Тотығу пиролизінің реакциялық трі:
СН4+2O2= СО2+2Н2О +191.7кДж
СН4+1,5О2 = СО+2Н2О+124.1кДж
Барлық реакцияларда бірдей уақыт аралығында жүреді.Бұл әдісте алынатын ацетиленнің мөлшері электрокрекингке қарағанда төмендеу болып келеді. Сонымен көмірсутектердің тотығу пиролизі кезінде ацетиленнің алыну реакцияларының эндотермиялық реакциясы көмірсутектердің бір бөлігінің экзотермиялық реакциялары арқылы жүзеге асырылады. Бұрындары ацетиленді автогендік пісіру әдістерінде кеңірекі қолданылған болса қазіргі таңдаа көбінесе 50 пайызынан артығын химиялық өнімдерді алу үшін шикізат ретінде кеңінен қолданады. Ацетилен негізінде винилацетат, винилацетилен, винил эфирі деген сияқты мономерлер негізгі алынатын өнімерді болып табылады. Олар көбінесе пластикалық массалар жәнеде каучук өнімдерін, синтетикалық талшықтар алу үшін негізгі шикізат ретінде қолданылады.