1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет26/38
Дата23.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85881
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
охт ждд

2-сурет. Этиленді күкірт қышқылдық гидратациялап этил спиртін өндірудің сұлбасы (жанама әдіс). 1-тәрелкелік абсорбер; 2,3 – скрубберлер; 4- тоңазытқыш; 5-колонна; 6-гидролизер.
Күкірт қышқылы әдісі бойынша этилен 1,5-2,5 МПа қысыммен барботаж бейнелі абсорберге (1) келіп, 97%-ды күкірт қышқылымен шашырату (себелеп жаңбыр тәрізді) әдісімен жанасады (2 -сурет). Абсорбердегі (1) температура 70-800С аралығында. Күкірт қышқылы абсорбердегі процесте катализатор және реагент есебінде екі міндет атқарады. Этилен жоғарыда айтылған жағдайда күкірт қышқылымен әрекеттесіп, моноэтилсульфатын C2H5OSO3H және диэтилсульфатын ( C2H5O )2SO2 түзеді.

Абсорберде (1) сіңірілмеген газдар, су (2) және сілті (3) скрубберлеріне жіберіліп, су скубберінде (2) сумен жуылып, сілті скубберінде (3) 10%-ды NaOH ерітіндісімен жуылады, күкірт қышқылынан тазартылып отын ретінде пайдаланылады. Этилсульфаттар және күкірт қышқылы абсорберден (1) гидролизерге (6) жіберіледі. Гидролизердің (гидролиз жүретін аппараты)(6) жоғары шетінен гидролиз аппаратына су енгізіледі.
1Мпа қысымында 100-1100 температурада гидролиз аппаратында (6) этилсульфаттары гидролизденіп этил спиртін түзеді.

Бу күйіндегі спирт сутоңазытқышында (4) конденсацияланып, конденсатор ректификациялау колоннасында (5) айдалып қоспалардан тазартылады. Сұйылған күкірт қышқылы 50%-ды гидролизерден шығаралып концентрлеуге жіберіледі, концентрленген күкірт қышқылы технологиялық процеске қайтадан келіп абсорберді (1) шашырау әдісімен суғарады.
Қолданылуы. Этанол тамақ, медицина және каучук өндірісінде кеңінен қолданылады, сонымен қатар ракетаның сұйық отынының, антифриздің т.б. компоненттерінің бірі. Этанол, әсіресе, органикалық синтезде өте көп мөлшерде еріткіш ретінде және жартылай шикізат ретінде, мысалы, күрделі эфирлерді, хлороформды, ацетальдегидті, сірке қышқылын бутадиенді және басқа өнімдерді өндіруде пайдаланылады. Этанол медицинада өте кең қолданысқа ие, мұнда оның өз атауы бар: медициналық антисептикалық ерітінді - құрамында 95-96% (4-5% - су) концентрациясындағы этанол бар дәрі, әмбебап жергілікті антисептик және вазодилататор ретінде қолданылады.
Бұдан басқа көптеген қолдану тәсілдері бар:

  • этил спиртін антисептикалық заттарға жатқызуға болады;

  • дезинфекциялаушы және кептіруші ретінде;

  • 96% этил спиртінің кептіру және тотығу қасиеттері операциялық өрісті өңдеу үшін немесе хирургтың қолын өңдеудің кейбір әдістерінде қолданылады;

-дәрілік заттарға арналған еріткіш, өсімдік шикізатынан тұнбалар, сығындылар және т. б дайындау үшін;

  • тұнбалар мен сығындыларға арналған консервант (минималды

концентрациясы 18%);

  • дене қызуы кезінде салқындату үшін (ысқылау үшін);

  • дәрі-дәрмек құралдарының тапшылығы жағдайындағы жалпы анестезия құрамдауышы;

  • этанол-метанол және этиленгликоль сияқты кейбір улы спирттермен улануға қарсы дәрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет