Қолданылуы. Метил спирті өнеркәсіпте көптеген органикалық заттарды: сірке қышқылын, метиламиндерді және кейбір дәрі-дәрмектерді алу үшін қолданылады. Бұл алкогольдің октан саны жоғары, бұл оны шикізатты үнемдеу мақсатында бензинге қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Метанолды конверсиялау арқылы алу үшін құрамында H2 -67%, CO 22%, CO2 бар синтез-газ қолданылған. Күкірт қосылыстарынан тазартылған синтез газ
(1) компрессорда 5-9 МПа дейін қысылып, (3) мұздатқышта салқындап, конденсирленген суды бөлу үшін (4) бөлгішке түседі. Синтез-газ бөлгіштен өтіп циркуляциялық газбен (қысымы 2 МПа) араласып, адсорберге барады. Бұл жерде газ темір пентакарбинолдан тазаланып, екіге бөлінеді. Газдың бір бөлігін (8) жылуалмастырғышта жылытып, (6) реактордың жоғары жағынан кіргізеді, ал екінші бөлігін температураны реттеу үшін катализаторлардың арасынан енгізеді. Реактордан өткен қоспа 3000С температурада тағы да екіге бөлінеді. Бір бөлігі (8) жылуалмастырғыштан өтіп синтез газды жылытады, ал екінші бөлігі жоғары қысымды бу өндіретін (9) утилизаторқазан арқылы өтеді. Бұдан соң екі бөлінген газ қосылып, (7) мұздатқышта салқындап жоғары қысымды (10) бөлгішке барады. Бұл жерде спирт конденсаты циркуляциялық газдан бөлінеді. Циркуляциялық газ (2) компрессорда 2 МПа-ға дейін қысылып қайтадан циклдің басына қайтарылып, синтезге түседі. (11) дрюсселде шикі-метанолдың қысымы атмосфералыққа дейін түсіп, (12) жинағыш арқылы ректификацияға барады. Конденсат негізінен шикі-метанол (13) ректификациялық колоннаға барып, оның жоғары жағынан (5) реакция бойынша диметилэфирі бөлінеді де, төменгі жағынан кубтық сұйық (14) колоннаға барады. Бұдан жоғары жағынан метанол, төменгі жағынан (І) реакция бойынша түзілетін жоғары спирт бөлінеді. Бұл сызба-нұсаның артықшылығы таза метанол алынып және жанама реакцияларда бөлінетін өнімдерді де бөліп алады. Метанолдыңжалпы шығымы – 95%, тазалығы – 99,95%
22. Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері. Этанолдың медицинада қолданылуы. Органикалық өнімдердің ішіндегі ең көп өндірілетіні – этил спирті. Этанол – өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық. Этил спирті (этанол)-78,30C-та қайнайды. Ауамен (30% С2Н5ОН бу күйінде) араласқанда қопарылғыш қоспаға айналады. Суда жақсы ериді және онымен 95,6 % С2Н5ОН азеотропты қоспа түзеді.