Медицинадағы биотехнология. Вакциналар-арнайы өңдеп әлсізденген немесе өлтірілген күйінде адам организміне енгізілетін арнайы өсірілген ауру тудыратын микроорганизмдер, вирустар және олардың құраушылары осы ауруларға қарсы күш көрсететін иммунитет тудырады. Осыдан бастап Луи Пастер эрасы басталды. Антибиотиктер – ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы әсер ететін заттар. Көгерген арқылы синтезделетін зат алынып пенициллин деп аталған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның өндірісі және жарақаттарды емдеуге пайдаланылуы басталды. Эффект күткен нәтижеден асатүсті. Витаминдер. Витаминдерді өсімдіктерден жылдам синтездейтін микроорганизмдер табылды. Қазіргі биотхнологияның мақсатының бірі – В2 және В12 өндірісі сонымен қатар, С витаминінің химиялық өндірілуі болып табылады. Инсулин. Жаңа биотехнология көмегімен адам инсулинін шапшаң жылдамдықпен ситездей алатын микроорганизмдер “құрастырылған”. Дәрі АҚШ-та “Хьюмулин” сауда белгісімен сатылады. Өсіру гармоны. Самотропный гармонды қымбат және ыңғайсыз тәсілмен-өлген адамның ми гипофизінен алуға болады. Жаңа биотехнология осы самотропный гармонды синтездеп, оның өндірісін ұйымдастыра алатын микроорганизмдерді құрастырды. Тағам өндірісіндегі биотехнология. Сыра, шарап, квас, нан ежелгі заманнан белгілі, бірақ оларды өндіру технологиясында микроорганизмдердің атқаратын ролі тек өткен ғасырда ғана әйгілі болды. Қышқыл-сүт тағамдары. Бұл биотехнологиялық тағамдар да ежелден белгілі, әр елде ашытқы ретінде түрлі микроорганизмдерді пайдаланған. Сусындар дайындау технологияларда да ерекшеліктер бар. Сірке қышқылы да ежелден белгілі, себебі, сірке-қышқыл бактериялардың әсерінен шарап шарап сіркесіне айналатын. Лимон қышқылы.
Оның қанттан немесе оның өндіріс қалдықтарынан – мелиссадан, сонымен қатар құрамында қант болатын ағаш гидролизаттарынан немесе бидайдан биосинтездеу тәсілі табылады. Лимон қышқылының әлемдік өндірісі жылына 200 мың тоннаға жуық. Белок. Құрамында белок аз болғандығына қарамастан, адамзат белок алу үшін етпен қоректенеді, бірақ бұл қымбат жол. Сондықтан белокты микроорганизмдерден алу жолына көп көңіл бөлінеді. Соңғы кезде адам жоғарғы сапалы саңырауқұлақтардың (вешенкалар,опяталар,масляталар) мицелийін ферментте құрастыруын үйренді. Шұжықтар. Жақсы сапалы шұжықтар алу үшін тартылған етке тартымды дәм беру үшін белгілі түрлі микроорганизмдердің ашытқыларын қосады. Ас бояғыштары, консерванттар, қоюлатқыштар. Сары, қызыл, көк түсті ас бояғыштарын өндіру үшін микроорганизмдерді немесе жоғарғы сапалы саңырауқұлақтардың жекеленген клеткаларын қолданады. Қоюлатқыш ретінде биотехнология микроб текті полисахарид – декстранды ұсынады. Биотехнология текті консерванттар ретінде сүт-қышқылдық бактерияларының арнайы штаммалары бөлетін низинді пайдаланады. Ауыл шаруашылығындағы биотехнология. Ас белогы. Жануарларды бордақылаған кезде белок қорегі (балық ұны, соялар, горох) қажет. Біздің елімізде мұның бәрі жеткіліксіз. Ашытқылардың арасындағы ең әйгілі Candida қатар техникалық метанол және этанол негізінде алу технологиясы бар. Ас аминоқышқылдары. 20 аминоқышқыл арасында адам үшін ауыстырылмайтын 8 аминоқышқыл бар. Бұл аминоқышқылдар жануар организмінде синтезделмей сырттан қорек арқылы келеді. Лизин, триптофан, треонин сияқты аминоқышқылдар организмдерге қажетті. Олар микроорганизмдердің арнайы штаммаларымен өндіріледі. Силостық ашытқылар. Шабылған шөптің сақталынуы үшін және оның қорек құндылығын жоғарылату үшін силостарға арнайы ашытқылар – микроорганизмдер қоспасын араластырады. Пробиотиктер. Бұл жануарлар ас қорыту трактісінің пайдалы микроорганизмдері. Оларды кейбір жағдайларда асқа жануар биопрепараты ретінде қосады. Бұл жағдайда бірсегментті асқазаны бар жануарлардың ауыр асты қорытуға көмегін тигізеді. Бактериалды тыңайтқыштар. Табиғатта ауадан азотты жұтып, оны аммоний және органикалық түріне айналдыра алатын микроорганизмдер бар. Бұл микроорганизмдермен симбиозда өскен кезде азот қорегін жинақтауға болады.