1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз экономикалық



бет3/27
Дата27.06.2023
өлшемі132,67 Kb.
#103594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
охт2

5. Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз экономикалық.
Экономикалық көрсеткіштер – өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайды(өзіндік құн,капиталдық шығын)
Өнім сапасы – өнімнің тұтыну қасиетін жəне тауарлық бағалылығын анықтайды. Əрбір тауар үшін бұл – жеке көрсеткіш. Оған бөгде қосындының құрамы жəне мөлшері, физикалық, химиялық көрсеткіштері, сыртқы түрі жəне өлшемі, түсі, иісі жəне т.б. жатады. Ол нормативті құжаттармен (ГОСТ, техникалық шарт, сапа сертификаты) анықталады.
Меншікті капиталдық шығын – қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын. Өндірістің басында аппаратқа, машинаға, түтікөткізгішке, жəне т.б. бірмезеттегі шығын, яғни капиталды шығындар жұмсалады. Меншікті капиталдық шығын жеке аппараттарда жəне тұтастай өндірісте үдерісті тиімді ұйымдастыруды сипаттайды. Бұл көрсеткіш табиғи шамада (т. металл/тəулігіне 1000 т өнім) немесе ақшамен өрнектеледі. Экономикалық көрсеткіштер – өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құн. Кəсіпорынның өнімді дайындауға жəне тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін толық өзіндік құн деп атайды. Ал кəсіпорынның тікелей өндіріспен байланысты шығынын өнімнің фабрикалық-зауыттық өзіндік құны деп аталады.
6. Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз эксплуатациялық.
Эксплутациондық көрсеткіштер – өндірісте жəне химиялық технологиялық үдерісте регламенттік жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді сипаттайды. Үдерістің көрсеткіштеріне ауытқулардың əсерін эксплутациондық көрсеткіштермен анықтайды.
Беріктілік – өндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында авариясыз жұмыс істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады. Бұл көрсеткіш қондырғының дұрыс жəне сапалы жұмыс істеуіне тəуелді.
Жұмыс істеу қауіпсіздігі – қоршаған ортаға, қызметкерлерге жəне қондырғыларға əкелетін зиянды əрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы.
Сезімталдық – өндірісті, қондырғыны пайдалану барысында режимнің бұзылуына жəне пайдалану шартының өзгеруіне уақытында бақылау жасау. Бұл үдеріс көрсеткішінің болған жағдайға байланысты ауытқулар өзгерісінің қатынасымен анықталады.
Басқару жəне реттеу – берілген шекте үдеріс көрсеткіштерін мүмкіндігінше қалыпта ұстауды сипаттайды. Бұл басқару параметрлері жəне олардың өзара əсерінің (басқару күрделілігі) үдеріс шартына өзгерісінің шамасымен анықталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет