1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Химия-технологиялық жүйе мен үдеріске анықтама беріңіз. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеңіз және мысалдармен көрсетіңіз



бет4/27
Дата27.06.2023
өлшемі132,67 Kb.
#103594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
охт2

7. Химия-технологиялық жүйе мен үдеріске анықтама беріңіз. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеңіз және мысалдармен көрсетіңіз.
Жүйе деп өндірістегі элементтер жəне байланыстар арасындағы біртұтас жиынтықты айтады. Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.
ХТЖ-нің жалпы белгілері: химиялық өнім шығару; элементтің көп түрлілігі жəне олардың өзара байланысы; жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер санының көптілігі; жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі; өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дəрежесінің жоғарылығы; жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару жəне тіркеу.
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды.
Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:
негізгі химиялық үдеріс:
шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);
шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;
алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады
ХТҮ-тің негізгі параметрлері: температура, қысым, реагенттер концентрациясы, катализатор сипаттамасы, реагенттердің жанасу ұзақтығы, реагент ағысының көлемдік жылдамдығы жəне т.б.
ХТҮ-ті жүргізудің оптималды шарты: берілген сападағы мақсатты өнімнің жоғары шығымы, жоғары жылдамдық, төмен өзіндік құн, қоршаған ортаны мейілінше аз ластау
8. Технологиялық үдерістердің жылдамдығына анықтама беріңіз. Технологиялық үдеріс жылдамдығына әсер ететін факторлар мен арттыру тәсілдері.
Химиялық реакцияның жылдамдығы – (гомогенді реакциялар үшін) немесе (гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта компоненттердің моль сандарының өзгеруі. Егер реакция немесе оның сатысы әрекеттесуші заттардың бір рет әрекеттесуі арқылы жүрсе, онда келесі кинетикалық теңдеумен өрнектеледі: A+B>R+S әрекеттесуші массалар заңына бағынады.Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша моно-, би- жəне үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді. Кинетикалық теңдеудің түрі (химиялық реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тəуелділігі) реакцияның реті бойынша жік теуге мүмкіндік береді. Реакцияның реті – кинетикалық теңдеудегі реагенттердің концентрацияларының дəреже көрсеткіштерінің қосындысы. Осыған сəйкес бірінші, екінші, үшінші, бөлшекті ретті реакциялар болады. Қайтымды реакцияның тепе-теңдігінің ығысуына əсер ететін маңызды факторларға температура, қысым, реакцияға қатысатын заттардың концентрациясы жатады.
Қысымның əсері. Химиялық реакцияның тепе-теңдігіне қысымның əсері реакцияға қатысатын газтəрізді заттардың моль сандарының айырымының ( Δn) немесе көлем өзгерісінің (ΔV) белгісімен анықталынады. Газдық реакциялар үшін Δn >0 болса, қысымның артуы қолайсыз əсер етеді. Тепе-теңдік оңға ығысу үшін қысымды төмендету керек. Егер реакция моль сандарының азаюымен Δn <0 жүрсе, қысымның артуы реакция тепе-теңдігін реакция өнімінің түзілу жағына қарай ығыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет