1. Инклюзивті білім беру 2


 1)Барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі; 2)Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне



бет2/2
Дата24.05.2023
өлшемі22,37 Kb.
#96447
1   2
Байланысты:
Инклюзивти билим беру

8. 1)Барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі; 2)Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне
Инклюзивті білім беру –


9.
Инклюзивті білім беруде Қазақстан
Республикасының төмендегідей заңдарына
сүйенеді:
1)ҚР «Білім туралы заңы» ;
2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік,
медициналық-педагогикалық коррекциялық
қолдау» .


10.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше»
балалар оқитын мекемелер:
- Арнаулы (коррекциялық) оқу орындары;
- Үйде оқыту;
- Арнаулы мектеп-интернаттар;
- Коррекциялық мектептер және мектепке
дейінгі мекемелер;
- Оңалту орталықтары.


11. - 18 жасқа дейінгі дене және психикалық кемістігі бар балалар; - Туа біткен және жүре пайда болған науқастар; - Естуінде
Мүмкіндігі шектеулі балалар:


12.
1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің
мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуы мен
қамтамасыз етілуі мәселесін төмендегідей
құжаттармен айқындап берді:
1945 ж. Адам құқығы туралы декларация;
1960 ж. Білім саласында дискриминациямен
күресу туралы конвенция;
1959 ж. Бала құқығы туралы Декларация;
1971 ж. Ақыл-ойы кем адамдар туралы
Декларация;
1975 ж. Мүгедектер құқығы туралы
Декларация;


13.
Адам құқығы туралы декларацияда
білім берудің гуманистік құндылығы
былай беріледі:
“Білім беру адам тұлғасының толыққанды
дамуына бағыттау және адам құқығын
құрметтуді арттыру. Білім беру өзара
түсіністікке,төзімділікке халықтар, нәсілдер,
діни топтар арасындағы достыққа бағыттауы
жіне БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдауына ықпал
ету қажет”.


14.
1959 жылы - Адам құқығы туралы
декларация
Соматикалық, психикалық және
әлеуметтік қатынастағы ауытқушылығы
бар балаларға блім беру, қамқорлық
жасауы және арнаы күн кестесін
әзірлеуі қажеттігі мәселесінің
нақтылануы.


15.
1960 жылы – Білім беру саласындағы
дискриминациямен күресу туралы
конвенция.
Жеке тұлға немесе топ үшін білім беру
саласындағы кез-келген мекеме
деңгейінің жабық болуы.


16.
1971 жылы – Ақыл-ой кем адамдардың
құқығы туралы декларация:
1) Ақыл-ой кем адамдардың құқықтарының
да өзге адамдармен бірдей сақталуы;
2) Ақыл-ой кем адамдардың емделуі, білім
алуы, еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруі
арқылы олардың мүмкіндігін дамыту,
отбасында өмір сүруі немесе арнайы
мекемеге жіберілуі.


17.
1971 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың
одағы құрылып, жаңа әлеуметтік
тұжырымдама әзірленіп, мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қиындығы қоғамдағы
кедергілерге байланысты туындағаны
талданды. Қоғам осындай кедергілерді
тудыра отырып мүмкіндігі шектеулі
адамдардың толыққанды дамуын тежейді.


18.
1975 жылы –Мүгедектер құқығы туралы
декларация. Ментальдық және өзге де
денсаулығындағы ауытқушылығы бар
адамдардың білім беру және әлеметтік
құқығын қамтамасыз ету нормалары. Бұл
құқықтар нәсілдік, жыныстық, тілдік, діни,
саяси немесе өзге де және оның отбасы
үшінде сақталуы тиіс.


19.
Мүгедектер құқықтары:
- Медициналық ем алуғы:
- Психикалық ем алуы;
- Ортопедиялық апараттарды
қолдануға;
- Білім алуға;
- Кәсіби даярлыққа;
- Еңбекке қабілеттілігін қалпына
келтіруіне.


20.
XX ғасырдың 70 жылдарындағы “Білім
беру – барлығы үшін” ұстанымын
басшылыққа алып, әлемдік мүгедектерге
қатысты әрекет ету бағдарламасы
олардың өзгелермен бірдей білім алу
құқығын қолдануына мүмкіндік берді.


21.
1989 жылы – Бала құқығы туралы Конвенция. 1990
жылы Тайландта Халықаралық барлығына білім
беру конвенциясы өткізілді және мынадай
мәселелер талданды:
- Білім беру жүйесін тұтынушы
талаптарына сәйкестендіру және олардың
қажеттілігіне, мәдениеті мен тарихи
жағдайына бейімдеу.
- Мүгедектік – ағзаның қызметінің
бұзылуынан өмірлік әрекеттің шектелуі
және әлеуметтік қорғауды қажет етуі.


22.
1994 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен
Испанияда Халықаралық ерекше қажеттілігі
бар адамдарға білім беру конвенциясы
өткізілді.
Педагогикаға “инклюзивті білім беру” термині
енгізілді, ұстанымдары айқындалды. Саламан
декларациясы бойынша, білім беру жүйесі әр
баланың қажеттілігі мен ерекшелігіне
бейімделуі қажет, сонымен қатар жалпы білім
беретін мектепте бірге оқытумен қатар
арнаулы оқыту орындарының да
маңыздылығын жоққа шығарылмайды.


23.
2000 жылы сәуірде халықаралық
білім беру форумы өтіп, дакарлық
декларация қалыптасты. Әр
баланың, жас адамның және
ересектің базалық бәләм алуын
қамтамасыз ету.
2015 жылға дейін барлық
балалардың тегін бастауыш білім
алуын қамтамасыз ету.


24.
Қазақстан Республикасының
Конституциясы:
-Барлық азаматтардың мемлекеттік оқу
орнында тегін міндетті орта білім алуы;
Қазақстан Республикасының бала
құқығы туралы заң:
-Барлық балалардың білім алу
құқығының сақталуы, тегін бастауыш,
орта білім алу құқының сақталуы;


25.
Қазақстан Республикасының
мүгедекттерді әлеуметтік қорғау
туралы заң.
-Адам құқығының сақталуы;
-Мүгедектердің құқығының теңдігі;
-Білім алу және қызмет түрін
таңдау құқығы;


26.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы
- Арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу;
-Психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялық нұсқауын есепке алу.
“Ерекше балаларды” оқыту жалпыға міндетті білім
беру стандарты негізінде жеке оқу жоспарын, білім беру
ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқу
бағдарламасын әзірлеу мәселесін шешу.
“Мүмкіндігі шектеулі” балаларды әлеуметтік және
медициналық – педагогикалық – коррекциялық қолдау
туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2002)
-Мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін мектепалды
даярлық және жалпы білім беретін арнайы оқу
орындарында немесе психологиялық-медициналықпедагогикалық консультацияның сараптамасымен жалпы
білім беретін оқу орындарында тегін білім алу
құқығының болуы.


27.
Заңның 15-бабында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін конкурстық негізде
техникалық кәсіби, орта арнаулы, жоғары білімді мемлекеттік білім беру
бағдарламасына сәйкес мемлекеттік оқу орнында оқу құқығыгың
қарастырылуы.
2009жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің
“Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға
арналған әдістемелік нұсқаулығы” «Мүмкіндігі шектеулі балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау ісшараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сүйеніп әзірленді.
Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде
инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға
мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту
ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
әзірленеді.


28.
“Ерекше” балаларды жалпы білім
беретін мектепке қабылдау жүргізіледі:
• Ата-анасының
жазбаша өтініші немесе өзге де заңды
тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту
формасын ұсынды).
“Ерекше” балаларды оқытатын сыныптар:
• Кіріктірілген оқыту сыныптары – 3-тен кем емес
“ерекше” баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы;
• Жартылай кіріктірілген – жалпы білім беретін мектепте
арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай
жасау.
Коррекциялық – педагогикалық қолдау дефектолог,
психолог, әлеуметтік пелагогпен бірлестікте жүргізіледі.


29.
“Ерекше” балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі
білім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда
жүргізіледі:
• Арнайы білім беру мекемелерінің
мамандары;
• ПМПК мамандары;
• Психологиялық – педагогикалық
коррекция кабинетінде;
• Логопедиялық пунктте;
• Келісім – шарт негізінде медицина
мекемелерінің мамандары.


30.
Профессор Р.А.Сулейман мүмкіндігі шектеулі
балаларды мемлекеттік қолдау моделін ұсынды:
1-деңгей. Психофизикалық дамудағы ауытқушылықты
анықтауға скрининг жүргізу.
- Арнайы қондырғылармен және әдістермен жаңа туған
баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшелігін, естуін,
көруін диагностикалау.
2-деңгей. Балалардың психофизикалық дамуын
тереңдете бағалау.
- Психикалық ауытқушылығы бар балаларды ПМПК-ға
жіберу, ал мамандар диагностика, психологиялықмедициналық-педагогикалық сараптама жүргізу арқылы
оқыту түрін, жеке оңалту бағдарламасын әзірлеуі,
балалар мен жеткіншектерге кеңес беруі қажет.


31.
3-деңгей. Коррекциялық ықпал, арнайы және білім
беретін мекеменің кешенді әлеуметтік, медициналықпедагогикалық-коррекциялық қолдау.
• Арнайы білім беру мекемелері
• Балабақша мен жалпы білім беретін мектептегі арнайы
сынып пен арнайы топтық 35 арнайы балабақша, 228
арнайы топтар – 10 мыңнан аса баланы қамтуда, 101
коррекциялық мектеп, 820 арнайы сыныптар – 24 мың
баланы қамтуда.
• Коррекциялық ұйымдар педагогтарда оқу-әдістемелік
көмек көрсетеді. Оқушылар мен ата-аналарға
психологиялық-педагогикалық-коррекциялық көмек береді.
4-деңгей. Ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, алынған
нәтижелерді талдау, жалпылау нұсқау әзірлеу.
Мынадай жобаларды жүзеге асады:
• “Ерекше қолдауды қажет ететін балалар”;
• “Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Республикасындағы
мектепке дейінгі мекемелер жағдайына мониторинг
жасау”;


32.
5-деңгей. Бірыңғай мемлекеттік саясат, құқықтық базамен
қаржыландыру.
2011 жылдан үйден оқитын мүгедек балалардың мемлекеттік
бағдарлама аясында индивидуалдық білім беру маршрутынан сәтті
өтуі үшін бағдарламалық-техникалық құралдармен жабдықталуда.
Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылуы бар балалар үшін қозғалыс
құралдарымен қатар арнайы клавиатура мен манипуляторлар,
естуінде кемістігі бар балаларға жеке есту аппараты,
микрофонымен, дыбысты күшейтуші жүйе, тифло техникалық
құралдар алынуда. Оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін Браилдың
дисплейлер, оқитын машиналар, ұлғайтатын экранды сөйлеуімен
бірге мобилді түрде ұлғайтатын қондырғылар қолданысқа берілуде.
43% арнайы білім беру ұйымдары мультимедиялық білім беру
жүйесімен қамтылған, оның көмегімен мүмкіндігі шектеулі
балалардың танымдық дамуын ынталандыруға болады.
20% арнайы мектептерде интерактивтік тақталар орнатылған.
Көруінде кемістігі бар балалар үшін 46% компьютерлік тифлокешен
бар. 95 арнайы мектептер интернетке қосылған, 41% арнайы
ұйымдар логопедиялық тренажерлермен, 37% -ы есту, сөйдек
тренажерлерімен қамтамасыз етілген.


33.
Мүгедектер үшін ЖОО-ға қабылдануда 1 % , техникалық
және кәсіби білім беру ұйымдарына қолдануға 0,5% квота
беріледі.
Көру мүгедектігі мен есту мұгедектігі бар балалар, жетім
және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, қамқоршы
және қорғаншылықта болған балалар жоғары мемлекеттік
шәкіртақы(75% ) алу құқын иеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет