Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Жасөспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен таныстыру. Жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару. Жеке тұлғаның «менің» (өзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді бала бойына дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі.
1. Интерактивтік әдіс
2. Топтық жұмыс
3. Ой – қозғау әдісі
4. Жобалау әдісі
5. Рөлдік ойындар
6. Шешім қабылдау әдісі
7. Қосымша жұмысты орындау
Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы өз пікірін айта алатындай, өзін толғандыратын сұрақтың шешімін табуға ұмтылатындай дәрежеге көтеріледі.
Жасөспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, жағдаяттарға кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді.
Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту.
«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістері арқылы жасөспірімдік кезеңдегі келіспеушілік пен жасөспірім шақтан ересек шақтағы өтер кездегі мінез қиындылығын жеңуге мүмкіндік береді. Осы орайда өзін-өзі тану пәнінен жасөспірімдерге өткізілген бір сабақты мысалға келтіріп көрейік.
Сабақтың тақырыбы: Таным белестері
Мақсаты:
Оқушылардың бойында адам туралы, оның дүние-танымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өмірлік бағыты дұрыс таңдау арқылы дамып, жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру;
Оқушылар өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алуға үйрету;
Оқушыларды таным жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге өздігінен ізденуге тәрбиелеу.