1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
настың науқастанып жүрген жылдарының өзінде 
Лиза шаршадым деместен бар шаруаға өзі жүрді. 
Бір баласын оқудан қалдырмады. Тіпті бір қауырт 
іс туындағанның өзінде жайлап қана балалар бөл-
месінің есігін ашып, қызының кітап оқып отырғанын 
көрсе, ойын бөлмейін деп есігін жаба салушы еді. 
Сол еңбектері ақталып, алты баласының үше-
уі мектепті озат оқушылардың қатарында бітірсе, 
үшеуі онжылдықты алтын медальмен аяқтады. 
Барлығы жоғары білімді маман атанып, беделді 
қызметтер атқаруда. Кенже қызы педагогикалық 
институтты қызыл дипломмен бітіріп, аспиранту-
раға жолдама алған, бүгін, міне, ғылым кандидаты.
Сайраның ғылыми жұмысы халық ауыз әдебие- 
тімен тығыз байланысты. Қызы ел арасынан кө-
некөз қарияларды іздеп жүріп, әңгімелерін хатқа 
түсіретін. Өзі де күйеу баласы Асанның көлігімен 
бірнеше мәрте Аяққұм, Айшуақ тәрізді елді ме-
кендерге ертіп апарған. Асан - Төленбай нағашы-
сының қызы Әлиманың жолдасы. Қыстың көзі 
қырауда жолдың нашарлығына да қарамастан бар 
шаруасын жиып қойып, машинасын даярлайтын 
Асанға деген Лизаның ризашылығы ерекше. 
Ерте жасынан тұрмыс құрып, өмірге алдымен 
қыз балаларды ғана әкеліп, Лизаның қиналған 
сәттері көп болушы еді. Қазір сол қыздары бір-бір 
отаудың ұйытқысына айналып, өзіне де жәрдемші 
бола білгенін көріп көңілі марқайып жүр.
«Сен біздердің қайсымызды қатты жақсы 
көресің. Балалардың ішінде бір ерекше жақсы 
көретіні болады дейді. Сол қайсысымыз?» – деп 
кенже қызының кейде сұрақ жаудыратыны бар. 
«Мен үшін бәрің бірдейсіңдер. Бес саусағың-
ның қайсысын кессең де, жаныңа батады. Сол си-
яқты сендердің барлығыңды бірдей жақсы көрем. 
Біріңнен біріңді артық көре алмаймын. Кез кел-


АНА ТАҒДЫРЫ
77
генің бақытты болсаңдар, менің көңілім өседі. 
Біреуіңнің көзіңнен жас тамса, менің жүрегім
сыздайды» дейтін. 
«Мен жұрттан естідім. Бәрінің ерекше жақсы 
көретін баласы болады екен. Сен маған шының-
ды айтпай тұрсың, шыныңды айт» – деп қоймаған 
қызына:
«Ой, әумесер қызым-ай! Бір жерден естіместі 
естіп аласың да, адамға маза бермейсің. Мен үшін 
бәрің бірдейсіңдер. Сондықтан бес саусақтай жұ-
мылып, бірлікте өмір сүріңдер. Мына түрлеріңмен 
мен өлсем, біріңнің басқан ізіңді бірің көруге зар 
боларсыңдар,» – деп түсін суытып, тыйып тастаған. 
Лизаның бір өсиеті «Балаларым, білім 
алыңдар» деу болса, екінші өсиеті «Балаларым, 
бірлікте болыңдар» деу еді. Үнемі «Кең болсаң, 
кем болмайсың. Бір-біріңе кешірімшіл болыңдар. 
Үлкенмін деп сен қоя сал, кішімін деп сен қоя 
сал» деп отыратын. ««Өз ағасын ағаламаған кісі 
ағасын сағалайды» деген, бір-біріңді қадірлең-
дер» деуші еді.
««Береген қолым алаған» деген. Жоқшылық 
көрген адам қарны сыртына айналып шықса да, 
ашкөзденіп тұрады. Уызына жарыған адам кең бо-
лады. Сендерді еш нәрсеге мұқтаж қылмай өсірдік. 
Сондықтан кең болыңдар», – деп отыратын.
Лиза өте кешірімшіл еді. Кісінің сөзін кек тұт-
пай, «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» дегенді 
өмірлік ұстанымы еткен-ді. Балаларынан да осы 
ұстанымды талап етті.
Ағайын-туыс, бала-шағаның тілеуін тілеп жүр-
ген Лиза өмірінің қоңырқай жылы күзі ерте бітіп, 
тіршілік тынысы тез таусыларын сезбей де қалды. 
Таң атқаннан бері Лиза екі-үш апта бұрын 
көріп мән бермеген, ал бүгін түнде қайта кірген 
түсін ойлаумен жүр.


78
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Түсінде бір топ адаммен бірге бір терең шұңқыр- 
дың ішінде қалыпты. Шұңқырда ауа жоқ, қапы-
рықтығы өз алдына, адамдар бірін-бірі езіп, жан-
шып, өлтіріп барады. Лиза шұңқырдың шетінде 
өсіп тұрған талды көрді. Талдың тамырлары білеу- 
леніп, топыраққа бір батып, бір шығып жатыр 
екен. Лиза талдың тамырларын тырналап тарта 
отырып, өрмелеп шұңқырдан шықты. Қос бүйрегі 
дәл өңіндегідей сыздап, удай ашып барады. Тізесі 
де әрең бастыртады. Тәнінің ауырғанына қара-
мастан Лиза алға қарай жүре берді. Көз алдынан 
ағараңдап үлкен су көрінді. Жақындап келсе, 
ұшы-қиыры жоқ теңіз екен. Бір топ адам кемеге 
мініп бара жатыр. Сол адамдар тобына ілесіп Лиза 
да кемеге келіп мінді. Көкпеңбек теңіз ақкөбік-
тенген толқындарымен кеменің тұмсығын дол-
дана соққылайды. Лиза кеменің ернеуінен теңізге 
үңіліп қарап тұрған. Бір сәтте денесін қорқыныш 
билеп, дір ете қалды. 
– Қорықпа, қызым! – деген дауысқа жалт 
бұрылғанда қасына жақындап қалған әкесі мен 
анасын көрді. 
Екеуінің де жап-жас кезі. Анасының басында 
қызыл ала жібек орамал, үстінде бүрмелі шыт 
көйлек, оның сыртынан қызыл барқыттан тігіл-
ген жеңсіз киген. Білегінде күмістен соғылған 
қос балдақ, мойнында күміс бойтұмары. Қасын-
да үстіне ақ жейдесін киіп, сыртынан жасыл ша-
панын бос іле салған әкесі тұр. Аяғында саптама 
етігі, бір қолында қамшысы бар.
Ата-анасымен күтпеген жерде кездескеніне 
аздап абдырап қалған Лиза орнынан тапжылмай 
тұра берді. 
– Қызым, сонау бала кезіңде мінген кемең есің-
де ме? Сен сол кеменің үстінде тұрсың. Осы кеме-
мен тағы да сапарға шығамыз – дейді. 


АНА ТАҒДЫРЫ
79
Әке-шешесінің жүздері жарқырап, мейірім 
шашып тұр екен. Бірақ Лиза анасының жүзінен 
қимастық пен аяныш сезімін оқығандай болды. 
– Жарайды, әке, бірақ балаларыма ескертейін, 
– деп бұрыла берген күйі Лиза ұйқысынан оянып 
кетті. 
Таң атқалы Лизаны мазалап жүрген түс осы. 
Лизаның түс жоритын қасиеті бар еді. Бірақ бұл 
түсін қалай жоритынын білмей, аздап дегбірі 
қашып отыр. «Түс түлкінің тоңғағы» деген, «Жай-
лы жатпағасын, не болса сол кіреді» деп өзін жұ-
батса да, ойынан бір кетер емес.
«Балаларымның бәріне жоғары білім алып 
бердім. Енді осы келінімді оқытайын. Баламмен 
білімі, ой өрісі тең болсын. Елге қызмет етіп, 
көкірек сарайы ашылсын,» – деп қолындағы 
келінін бір күн бұрын қалаға оқуға жіберген бола-
тын. Мая күндегі әдетінше жұмыстан келе жатып, 
азғана сөйлесті де, дайын тұрған шайдан ауыз 
тиіп, үйіне кетті. Қызын жолынан қалдырмайын 
деп Лиза да әңгіме бастай қоймады.
Күннің аптап ыстығына қарамастан Лиза ба-
зардан қазы айналдыртып әкеліп, Жанболаттан 
Маяның үйіне беріп жіберді. Баласының келуін 
күтіп, аулада ұсақ-түйек жұмыстар жасап жүрген-
де де Лизаның ойынан көрген түсі кетпеді. «Бұл не 
болды екен?» деп ойланып отырғанда баласы да 
келді. Немересін жетелеп үйдің табалдырығынан 
аттай бере Лиза басының шыңылдап ауырып бара 
жатқанын ғана сезді. 
– Туһ, басым ауырып кетті ғой, – деуге ғана ша-
масы келіп, талықсып кеткен Лиза түндегі түсінің 
мәнін енді ғана ұққан болатын... 
... Лезде жедел жәрдем де жетті. Аңырап Мая 
да келді. Бірақ тоқтап қалған жүрек соққанымен, 
бітеліп қалған тыныс қайта ашылмады, соңғы 


80
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
демімен бірге шығып кеткен шыбын жан кеудеге 
қайта қонбады. 
Суық хабар жеткен соң жан-жақтан ағайын 
туыс ағылды. Өмірден жалғыз қыз, жесір әйел 
өтті деуге адам сенбес. Құдды Шалқардың барлық 
халқы ет жақын бауырындай аза тұтып, жоқтау 
айтып шуласқан елдің қарасы басылар емес.
Қаралы хабарды ести салысымен жолға 
шыққан қыздары бір жағы жол азабын тартып, бір 
жағы жан азабы күйдіріп, келер күні түс ауа әрең 
жетті. Бұлар келгенде Лизаны оң жаққа шығарып 
қойған болатын.
Көрші екі әйелдің көмегімен балалары ана-
сымен соңғы рет жүздесуге кірді. Көзден аққан 
жасын тамызбайын деп барынша тістенген-
дерімен еңіреп тұрғандары дір-дір еткен дене-
лерінен айқын аңғарылуда. Іштей қоштасып, жі-
берген қателіктеріне іштей кешірім сұрап, ақтық 
демі соғылғанда жанында бола алмағандарына 
өкінішін айтып тұрған...
О, Құдірет! «Мен сендерді көріп тұрмын. Мен 
ешқайда кеткенім жоқ. Сендердің қайғыларың – 
менің қайғым. Мен сендердің жандарыңдамын» 
– дегендей Лизаның қос жанарынан жас сауғала-
ды. Жұмылған кірпіктерінің арасынан сыздықтап 
аққан жас оң жақ бетімен сырғып барып самайына 
қарай құйылса, сол жақ көзінен аққан жас бетінің 
ойындысына көлкіп жиналып қалды.
Ия, Лиза бауыр еті балаларымен осылай
қоштасты. Балаларының өз қолын өз ауыздарына 
жеткізіп, әрқайсысын бір-бір отау етіп шығарып, 
өзі солардың ортасында шалқып жүретін шағын-
да, 58 жасында өмірден өтті. 


АНА ТАҒДЫРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет