1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2


ИТЕҒҰЛОВА САЯ КӨК БӨРІ



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

86
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
КӨК БӨРІ
(Көне аңыз ізімен)
Жаздың аптапты, қапырық күндерінің бірі. 
Аңда-санда соққан аңызақ жел қуаң жердің шаңын 
көтеріп, онсыз да ыстықтан мезі болған жұрттың 
мазасын одан әрмен қашырады. Шілденің мұн-
дай күндері көшеден аса бір қауырт шаруасы бар 
адамдарды ғана кездестірмесең, шуылдаған ойын 
балаларын, болмаса әңгіме дүкен құрып отырған 
шал-шауқанды жолықтыра алмайсың. Құдды бар 
тіршілік шақырайған күннің көзіне күйіп кетуден 
жасқанып, көлеңке іздеп бой тасалаған тәрізде-
неді. 
Осындай аптап ыстыққа қарамастан ауылдың 
жан баласы көрінбеген кең көшесімен Салтанат 
қана атасының үйіне қарай құстай ұшып келеді. 
Ұшатын себебі де бар. Күндегі әдетінше үйден 
жалаң аяқ, жалаң бас шыға салған. Енді әр қада-
мын аттаған сайын табанының астында сусылдап 
жатқан құмайт жер шыжғыра күйдіріп барады. 
Салтанат ашыған аяғын ауырсынып көзін қатты 
жұмып еді, кірпігінің ыстығы қабағын күйдіріп 
жібермесі бар ма?! Салтанаттың басына: «менің 
толқындана бұйраланған мойылдай қара шашта-
рыма елдің бәрі қызығушы еді. Мына күннің 
ыстығынан сап-сары болып күйіп кеткен шығар», 
- деген ой келді.
Ақыры атасының үйіне де жетті. Бұрыштағы 
көк қақпасы бар қоржынды үй Салтанат үшін 
ертегідегі хан сарайындай. Қазір есіктен салбы-
рап тұрған ала кендір жіпті тартады. Сол мезет-
те аулаға кіретін есік ашылып, Салтанат ғажайып 
әлемге енеді де кетеді.
- Айналайын, келдің бе? Ойбұй, басыңа неге 
бас киім кимегенсің? Күн өтіп, мұрның қанайтын 
болды-ау, - деп әжесі жік-жаппар болды да қалды.


АНА ТАҒДЫРЫ
87
Салтанаттың онымен шаруасы жоқ. Ауланы 
көзімен бір шолып өтіп, атасының үйде екенін 
байқай салысымен ішкі есікке қарай жүгіре жө-
нелді. Әжесінің:
- Ай, қарғам-ай! Үйге жау шапқандай жүгіріп 
кірме. Жаман болады, - дегеніне де қараған жоқ.
Салтанаттың әжесі көп сөйлемейтін, бар мей- 
рімін көгілдір жанары арқылы сездіріп, «айналай-
ын» деген сөзімен жеткізетін тұйық жан. «Босаға-
ны керме, табалдырықты баспа, бүйіріңді таянба» 
тәрізді тыйымдарды айтқаны болмаса немере-
леріне бір қабақ шытуды білмейтін. Кейде неме-
релері қуырған бидайдың бірлі-жарымын жерге 
түсіріп алса, «қарақтарым-ай, байқап жесеңдер-
ші» деуден ары аспай, бүкшеңдеп теріп жүруші 
еді. Қайта мұндайда аталары «бидайдың түйірін 
жерге түсірсеңдер сендерді өгіз сүзіп алады» деп 
қорқытатын.
Салтанат үйге кірсе, атасы дыңылдатып дом-
быра шертіп отыр екен. Немересін көре салы-
сымен жамбастаған жастығының астынан сірің-
кенің қорапшасын алып шықты. Атасы мен әжесі 
ежелден-ақ шайға өрік жібітіп ішкенді ұнататын. 
Өріктің сүйегін шағып, ішіндегі дәнін осылайша 
сіріңкенің қорабына толтырады. Атасының әң-
гімесіне елтіп отырған Салтанат дәннің қалай тау- 
сылғанын сезбей қалушы еді. 
Осы сәтте үйге сырттан көрші Балқұйған 
әжей кірді. Салтанат басқа көршілерге қарағанда 
Балқұйған әжейді ерекше жақсы көретін. Ол да 
Салтанатты көрсе, «атасының қоңыр баласы, ата-
сының қоңыр қозысы» деп айналып – толғанушы 
еді. Балқұйған әжейдің күндегідей емес, жүзі 
сынық көрінді. Үй ішіндегілермен амандасып 
болғаннан кейін: - Ана жүгірмектер менің айт- 
қанымды тыңдамай, кішкентайларын тойға ертіп 


88
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
кетіп еді. Көп адамдардың ішінен біреудің назары 
түсті ме, немерем келгелі құсып, қызғыны басыл-
май жатыр. Сейтеке, сізде қасқырдың өті бар ма? 
– деп келген шаруасына көшті. Әңгімені естіген 
әжесі төргі бөлмеге кеткен, көп ұзамай қолына 
бұрандалы кішкене құтыны алып қайта оралды. 
«Алла разы болсын. Бір тапсам осы үйден та-
бам деп келген едім» - деп батасын жаудырған 
Балқұйған құтыны алып, сүріне – қабына үйден 
шыға жөнелді. 
Салтанат атасына қарап: «ата, қасқырдың өті 
деген не? Оның не керегі бар?» деп сұрақ жаудыр- 
масы бар ма. Домбырасын оң қолымен жиюлы 
төсектің үстіне қойып, немересін тізесіне отырғы-
зып, тамағын бір кенеп алды да, атасы қызықты 
бір әңгімені бастап кетті...
Адам ата мен Хауа ана жаралғалы мынау жұ-
мыр жердің бетіне кімдер келіп кімдер кетпеді 
дейсің. Аспанда Көк Тәңірі, жер бетінде Адам 
атаның ұрпақтары, жер астында дүлей күштер 
мекендеп, күн артынан күндер, ай артынан ай-
лар, жыл артынан жылдар өтіпті. Бастапқы-
да жан-жануарлар бір-бірімен мамыражай күн 
кешіп, мықтының әлсізге күш көрсетуі тәрізді құ-
былыстар мүлдем болмаса керек. Бірақ бара-бара 
адамдардың пиғылы өзгеріп, іштерін қызғаныш, 
күндестік деген дерт жаулап алады. Бұл дерт 
үдеп, адамдардың бір-бірімен жауласуына алып 
келеді. Жер бетіндегі тепе-теңдік бұзылғасын жер 
астындағы дүлей күштер де жердің үстіне шығып, 
әр түрлі кейіпке еніп, ойларына келген жаман-
дықтарын жасап бағады. Жан-жануар атаулыдан 
береке қашып, жердің үстін ашаршылық, ауру, өрт 
тәрізді індеттер жаулайды. Бұрын бір-бірінің беті-
не келмейтін екі бауыр өзара жауығып, әр жерді 
соғыс өрті шарпиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет