1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
АНА ТАҒДЫРЫ
73
– Қарағым, балдызжан, мен сені күтіп тұр едім, 
– деп Серғазы Лизаға жақындады. 
Жалт қараған Лиза қайын ағасының кеудесін-
дегі жарқыраған «Қызыл жұлдыз» орденін байқа-
ды. Бұл ардақты марапатты негізінен соғысқа қа-
тысқан жауынгерлерге беретін. Дегенмен, сирек 
те болса, тылда еңбектеніп, Отан алдында адал 
тер төгіп жүрген қарапайым халыққа да берілген 
екен. Ақтөбе облысы бойынша осы орденмен ма-
рапатталған азаматтардың алдыңғы қатарында 
Серғазының да болуын бүкіл әулет мақтаныш 
ететін. 
– Балдызжан, менің Ақтөбеден келген бойым. 
Алдымен сендердің үйлеріңе барайын деп саған 
келдім, – деді күлімдеп. Серғазының әйелі Роза 
– Жаңғылыштың қызы. Розаның Сейітмұхам-
беттермен аталас жақындығы да бар. Сондықтан 
Серғазы Лизаны еш уақытта келін деп көрген жоқ. 
Үнемі «Лизажан», «балдыз» деп отыратын.
«Әттең, дүние жалған! Сол арыстарымыз тірі 
тұрғанда балақтағы бит басқа шығып, менің бала-
пандарымды ешкім басына алмас еді-ау» деп күр-
сінетін Лиза өмірдің кей түйткілдеріне қажыған 
сәтінде. Дегенмен, бұл қиыншылықтар да артта 
қалып, Лизаның да, балаларының да қуанышты 
сәттері көбейе бастады. 
Ағанас қайтыс болғалы он жыл өтіпті. Лиза 
өмірінің елу сегізінші көктемін ата-анасынсыз, 
құдай қосқан қосағынсыз қарсы алып отыр. Бірақ, 
жалғыз емес. Қолында келін-баласы мен немере-
лері, қасында әке-шешесінің көзі, әрі сіңлісі әрі 
қызы болған Маяның отбасы, Ақтөбеде қалған 
қыз-күйеу балалары мен немерелері бар. 
Жақында ғана бала-шағасымен Алматыдан 
келген. Кенже қызы филология ғылымдарының 
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидат-


74
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
тық диссертация қорғаған болатын. Сол күнді ой-
лаған сайын Лизаның кеудесін мақтаныш кернеп 
кетеді.
Қызының ғылым жолындағы алғашқы талпы-
нысын өз көзімен бақылап, қуанышты сәтінде қа-
сында болу үшін Лиза Алматыға жинала бастаған 
болатын. Лиза Алматыға барады дегенді естіп, 
ниеті бір көрші-көлем, туған туыстары түгел кел-
ді. Әсіресе Ырзағазы атаның баласы Еркін: - Лиза 
апа, менің қарындасыма ең әдемі гүл шоғын алып 
беріңіз, - деп ақшасы мен қарындасына арнап 
жазған құттықтау хатын қолына ұстатқан. 
Еркін – ақкөңіл, ағайын-туысқа бүйрегі бұрып 
тұратын нар тұлғалы азамат. Болмыс бітімі де, 
дархан жүрегі де, аңқылдаған таза ниеті де марқұм 
әкесінен аумайды. «Қала жақсы болуы ағашынан, 
бала жақсы болуы нағашыдан» дегендей Еркіннің 
түп нағашылары да кісіні өгейсіремейтін адамдар еді. 
Еркін қарындасы Сайраны ерекше құрметтей-
ді. Қарындасының тырнақалды туындысы жарық 
көргенде де ерекше қуанып, мақтан тұтқан бола-
тын.
Бұлар диссертациялық кеңестің мәжілісі өтетін 
кең залға имене кірді. Есіктің алдындағы хатшы қыз:
– Сіз Сайраның анасы боласыз ба? Қызыңыз-
дың тақырыбы өте қызық екен. Жұмысын таны-
сып шыққан ғалымдар мен ізденушілер жақсы 
бағалауда. Қазір өздеріңіз де естисіздер, – деп 
құрақ ұшып жатыр. 
Лиза шеткерірек тұрған орындыққа келіп жай-
ғасты. Анасын көрген Сайра күлімдеп қолын 
бұлғады да, қағаз-қаламын жинастырып, өз шаруа- 
сымен айналысып кетті. Адамдар бірінен соң бірі 
ағылып кіре бастады. Төрдегі столдың басында 
диссертациялық кеңестің төрағасы отыр. Қасына 
трибуна қойылыпты. Қызы трибунаның жанын-


АНА ТАҒДЫРЫ
75
да. Ортадағы дөңгелек үстелге жағалай қойылған 
орындықтарға өңкей ақбас қариялар, көзілдірік 
киген жігіт ағалары отырып жатыр. Бет-жүздері-
нен білімді адамдар екені танылып-ақ тұр. 
Міне, мәжіліс те басталды. Төраға күн 
тәртібімен таныстырғаннан кейін Сайраға сөз 
берілді. Лиза екі қолын тастай қылып қысып 
алған. Қызының бір сөзін естісе, бір сөзін естімей-
ді. «Балапаным жаңылысып қалмаса екен, мүдір-
мей айтып шықса екен» деген тілекпен ғана отыр. 
Енді бір сәтте отырғандар сұрақ қоюға кірісті. 
Барлығының алдында бір-бір кітап. Сол кітапты 
саралап отырып, сұрақтарын жаудыруда. Сұрақ 
қойған адамдарды Лиза жақтырмай отыр. Бірақ 
қызы барлық сұраққа жауап беріп, кей сұрақты 
бірнеше ғалым қоса талқылап, жайдары жүзбен 
қарап отырғандарын байқағаннан кейін алып-
ұшқан көңілі тыншиын деді. 
Лиза жасырын дауыстың шешімін дегбірсізде-
не күтті. «Бірде-бір қарсы дауыс жоқ. Ғалымдар 
қызыңыздың ғылым кандидаты болуын бір ауыз-
дан мақұлдады. Құтты болсын», – деп біреудің 
құлағына сыбырлағанын біледі. Мұнан арғысы өң 
мен түстей болып өте шықты. 
– Сіздің сүтіңіз адал екен. Балаңыздың кішісі 
мынадай жетістікке жетіп отырса, үлкендері тіпті 
мықты шығар, – деп әрқайсысы келіп қолын алып, 
құттықтап, бетінен сүйеді. 
Ия, Ағанас пен Лизаның өмірдегі басты ар-
маны балаларының тәрбиелі және білімді азамат 
болғанын көру еді. Ол арманына Ағанас жете ал-
май, қыршын кеткенімен, Лиза жетіп отыр. 
Өзге жұрт балаларын шаруаға жұмсаса, бұлар 
балаларын «кітап оқыңдар» деп, жұмыстан боса-
татын. Балаларының толыққанды білім алуына 
барлық жағдайды жасауға ұмтылатын. Тіпті Аға-


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет