100
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Бауырлары қаржыдан таршылық көрсе қолын-
да барын қиналмай ұстата салатын да, тағдырдан
теперіш көрсе мейрімімен сылап – сипап, қайта
қатарға қосатын да осы Жан әпкем.
Бауырларының шалыс басқан қадамына жан –
тәнімен күйзеліп, ақыл айтатын, кейде сол айтқан
ақылын пенделік пен өзімшілдікке салынған ба-
уырларының түсінбегеніне налитын да осы Жан
әпкем.
Айта берсем, Ақтөбеге жолымыз түскенде ат
басын тіреп баратын үйіміз де осы Жан әпкеміздің
үйі. Өмірден ерте өткен ата – анамыздың көрмей
кеткен қызығын көріп, ортамызда алтын діңгек
болып отыра берсең екен, Жан әпкем. Бұл сенің
барлық бауырларыңның тілегі...
Достарыңызбен бөлісу: