106
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Анама
Құтты болсын мерекең абзал анам,
Жыр жазады жанынан саған балаң.
Бар бақытты тілеймін өмірдегі
Қабыл етсін сөзімді хақ тағалам.
Не көрмедің өмірден не кешпедің,
Көз алдымда өмірдің белестері.
Қуана да
білдің сен, қайғыра да,
Бастан өтті сезімнің елестері.
Жас та болдың, ерке едің бұла өскен,
Сұсты болдың дұшпанға, досқа көктем.
Келін болып аттадың ақ босаға,
Сыйлы болдың жұртыңа өсіп – өнген.
Ана деген атаққа кір келтірмей,
Бақтың
бізді аялап, дамыл көрмей.
Бауырларын әкемнің жетім қалған
Өсірдіңдер мәпелеп өгейсітпей.
Бақытты да болдың сен, армансыз да,
Сұм дүние дегенмен жалғансыз ба?
Науқастанды беймезгіл әкетайым,
Адам жаны япырай, қорғансыз ба?
Түсті сенің арқаңа тағдыр жүгі,
Саған батты тірліктің ауыр зілі.
Ойға – қырға сүйредің емдемек боп,
Жан
әкемді жаралы, көңілі күпті.
Бірақ құдай бермеді тілегіңді,
Тілгіледі – ау сол күні жүрегіңді.
Алып кетіп әкемді ортамыздан,
Алып кетті сол күні тірегіңді.
Сабыр, анам не пайда жылағаннан,
Көздің жасын көлдетіп, бұлағаннан.
Құран оқы бағыштап жан әкеме,
Дұрыс не бар қайырын сұрағаннан.
Біздің енді басшымыз бір өзіңсің,
Бастау
алар бұлағым, жыр көзімсің.
Адамдығың сезілер әр ісіңнен,
Қара бұлттан қаймықпас сен төзімсің.
АНА ТАҒДЫРЫ
107
Денсаулығың әрдайым мықты болсын,
Мәңгі бақи жүзіңе шаттық толсын.
Дастарқаның жайылсын қуанышқа,
Құтты болсын мерекең, құтты болсын.
05.03.1992 ж.
Сағыныш
Қайдасың сен, әкетайым,
сағындым,
Тағдырымның салғанына бағындым.
Тірлігіңде арқа тұтар асқарым,
Бүгін келіп аруағыңа табындым.
Тастан өрген бейітіңе шағындым,
Қайдасың сен, әкетайым, сағындым.
Шаршадым ғой, әкетайым, жолықшы
Өзіңді ойлап көңілге шер толыпты.
Сағыныштан жас жүрегім торықты
Сенің шыбын жаның үшін қорықты
Өмір
жайлы біраз жайтты шолыпты
Шаршадым ғой, әкетайым, жолықшы.
Сұм ажалға, әкетайым, қимаймын,
Сенсіз мынау жалғанға еш симаймын.
Кей күндері түсімде гүл сыйлаймын,
Саған айтар наз – мұңымды жинаймын.
Сол сәттерде көз жасымды тыймаймын
Қайдасың сен, әкетайым, қимаймын.
13.10.1992 ж.
Достарыңызбен бөлісу: