1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
күнге дейін осы сенімге иланады. Сендер сияқты 
оқыған, көкірек көзі ашық жас балалар біздің бұл 
нанымымызға күлулері мүмкін. Дегенмен, бұл 
күндері қорқау қасқыр атап жүрген осы бір жырт- 
қыш аңға қатысты ел аузында осы сарындас аңыз 
бар екенін есте сақтай жүріңдер» - деп атасы әң-
гімесін аяқтады. 
ҚҰРАЛАЙ
Біздің ауылдың оңтүстік-батысына қарай 
көлікпен үш-төрт шақырым жол жүрсеңіз ал-
дыңыздан «Боташ төбесі» атты қос өркеш жота 
шығады. Бұл жердің табиғаты мамыр айында 
ерекше құлпырып, құбылып кетеді. Қыстай-
ғы ұйқыда жатқан тіршілік оянып, жер ана бу-
санып, төсін жарып шыққан жасыл шөп самал 
желмен тербелгенде онсыз да сұлу табиғат тіпті 
құлпырып кетеді. Сәуір айының соңын ала бұл 
жотаны қызғалдақтар мен сарғалдақтар басады. 
Менің әкем осы жерден қызғалдақ тергенді жақ-
сы көретін. Бірінші мамыр мерекесіне орай беріл-
ген мейрам күндерін табиғат аясында өткізгенді 
ұнатушы еді. Біздерді «Москвич - 412» маркалы 
машинасына салып алып, анашымның пісірген 
сап-сары бауырсақтарын, айраны мен көжесін ма-
шинаның артқы жүк салғышына орналастырып 
жолға шығамыз.
Машинаның ішінде шуылдаған бала. Бір-
бірімізді түртпектеп, шашымыздан тартып, соңы 
айқай-шуға ұласа бастағанда ғана әкеміз бізге 
«тыныш отырыңдар» деп ескерту жасайды. Бірақ 
оған құлақ асатын біз бе?! Кінәліні іздеп, тіпті
даурығып кетеміз. Біздің көңілімізді басқа арнаға 
бұру керек екендігін сезген әкеміз:


АНА ТАҒДЫРЫ
93
Балалар, сендерге Қабыл ақсақалдан естіген 
бір аңызымды айтып берейін бе? - деп сұраулы 
жүзбен күлімдеп қарайды. Дәменов Қабыл ақ-
сақалды білмейтін бала жоқ. Ол кісі әңгіме, ертегі 
айтудың хас шебері. Және өзі кітаптарда кездес- 
пейтін, бұрын-соңды адам естімеген аңыз-әң-
гімелерді жақсы біледі. Шуылдаған балалары-
ның тына қалғанын көрген әкеміз лезде әңгімесін 
бастап кетеді:
Ерте, ерте, ертеде біздің осынау ұланғайыр кең 
даламызда құралайын ерткен киік үйірлері өріп 
жүріпті. Ол уақытта адамдар әртүрлі кәсіппен 
айналысады екен. Бір адамдар егін егіп, мал бақ-
са, енді біреуі балық аулап, аң атып күнделікті та-
мағын тауыпты. Адамдар аңшылық, мергеншілік 
тәрізді өнер түрлерін тек күн көріс үшін пайда-
ланады екен. Ішіп – жеміне ғана қажетті аңын 
аулағаны болмаса, сауық-сайран үшін жан-жану-
арларды қыруды обал санап, киесіне ұшыраудан 
қорқыпты. Әсіресе киіктер лақтайтын уақытта 
және жас төлдерін өргізетін кезде оларды аулауға 
тыйым салады екен. Киіктердің лағын өргізетін 


94
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
уақыты қазіргі мамыр айының соңғы аптасына 
сай келеді. Сол күндері қатты жел тұрып, соңы 
кей жылдары бұрқасынға ұласады. Жергілікті 
тұрғындар бұл желді «құралайдың желі» деп те 
атайды. Аналық киіктер осы қатты желде құра-
лайларын желге қарсы алғаш рет жүгіртеді екен. 
Сонда құралайдың танауынан кірген жел кеуде 
қуысын кеулеп өтіп, тұяғындағы тесіктен сыртқа 
шығады-мыс. Осыдан кейін құралай желмен жа-
рысқан жүйрікке айналады екен. 
Осы өңірде Боташ есімді құралайды көзінен 
атқан мерген жігіт өмір сүріпті. Оның мергендігі 
сонша аспанда ұшып бара жатқан құсты көздемей 
атып, құлатып түсіреді екен. Онымен бәсекеге 
түсетін, өнері одан асып түсетін мерген болмаған-
дықтан, ел арасындағы жиын-тойларда жамбы 
атуға тігілген бас бәйгені сайыссыз-ақ Боташқа 
беретін болыпты. Осынша даңққа мастанған Бо-
таш саятшылық өнердің өз ішіндегі кей талапта-
рын бұзып, аңды күнкөріс үшін емес, ермек үшін 
атуға көшіпті.
Бірде Боташ мерген ен далада зерігіп келе 
жатып суат басында жусап жатқан бір үйір киік-
тің үстінен шығыпты. Топ киіктің ішінде бір ақ 
шашты, ақ сақалды қария «Атқаныңды атып ала-
сың, атпағаныңды жаралы қыласың» деп, киік-
тердің жарасына темір қыздырып басып жүр екен. 
Күбірлеп жүрген әлгі қарияға назар да бөлместен, 
әлгі мерген бір семіз маралды көздеместен-ақ 
атып жібереді. Сонда қария қатты ашуланып: «Ей, 
ынсапсыз. Осыған дейін атқаның аз болды ма? 
Шыққыр, Боташ, көзің шықсын», - деп қарғайды. 
Сол жерде Боташтың екі көзі ағып түсіп, қос тө-
беге айналған екен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет