1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

118
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
ХХХ
Көктемде жолыққан едік,
Тосындау таныстық біздер
Жақындық жылуын алғаш 
Сол кезде сезінгем сізден.
Тағы да көктемім келді
Көңілге толтырып гүлін
Бір соғып лүпілдей жүрек
Естідік бақыттың үнін 
Төгіп тұр біздерге бүгін
Шуақты шапағатын күн.
Өмірге балдырған келді - 
Белгісі махаббатымның! 
ХХХ
Үйімізде балдырғандар,
Шат – шадыман күлкілі өңір
Сізбен бірге жүр екен ғой
Мен аңсаған үкілі өмір.
Шаршамаймын бойыма бір,
Қуат келіп орнағандай.
Өткен күндер, сағым жылдар
Бізде мүлдем болмағандай.
Қайғырғаным – күз екен ғой,
Жылағаным – сыз екен ғой.
Бәрін, бәрін ұмыттырған
Сиқыршы жан Сіз екен ғой.
ХХХ
Екеуміз бірге ұғындық,
Жар деген сөздің астарын.
Білемін мені тірейсіз
Сүрініп кетсем, асқарым.
Екеуміз бірге ұғындық,
Жар деген сөздің тереңін.
Біз үшін қатал тағдырдан
Қаймықпас менің еренім.


АНА ТАҒДЫРЫ
119
Ұғындым - дағы қуандым
Жарымның сіздей барына
Тәңірім қосқан қосағым
Тап қылып менің бағыма.
АНА ТІЛЕГІ
(топтама)
Үйдің сәнін сенің күлкің келтіріп
Көңілімді сенің сөзің көтерер.
Ұзақты күн шаршағанды ұмытып
Сені қолға мейірлене көтерем.
Томпаң қағып жүгіресің жұмсасам
Өзінше бір ұзартқандай қолымды.
Мен жұмыстан келер кезде жүресің
Қақпа алдынан тосып қайтар жолымды.
Өмір жасың ұзақ болып тірлікте
Жүрегіңе шаттық толып, қуанып.
Ағайынның көзайымы бола бер
Ата-анаңа сыйлап ылғи қуаныш.
Үйдің сәнін сенің күлкің келтіріп


120
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Көңілімді сенің сөзің көтерер.
Ұзақты күн шаршағанды ұмытып
Сені қолға мейірлене көтерем.
ХХХ
Шабытымның көзі ашылды сарқырап
Балапаным, саған деген сезімнен.
Қабақ шытпай бесігіңді тербетем
Қалың, тәтті түс көретін кезімде.
Тыңдап жатып тыныс алған деміңді
Келешектен үміт күтем тамаша.
Сен болғай деп тәңірімнен тілеймін
Жарқын күннің азаматы жаңаша.
Қиял шіркін, шынымен-ақ жүйрік-ау
Талай шыңға шығарамын өзіңді.
Тәрбиемен құйсам деймін бойыңа
Жігер, қайрат, мейірім, ақыл, төзімді.
Маужыраған бесіктегі кейпіңнен
Қуат алам келгенімде қалжырап.
Алғы күннен үміт сеуіп жаныма
Жетелейтің сенсің мені – шамшырақ.
ХХХ
Кіп-кішкентай болсаң да
Кейде қабақ түйесің.
Күлген кезде жанымның
Босатасың жүйесін.
Кейде болып тынымсыз
Шырқырайсың шырылдап.
Кейде бала мысықтай


АНА ТАҒДЫРЫ
121
Оянбайсың пырылдап.
Табақтағы суыңнан
Бірде сонша қашасың.
Енді бірде қолыңмен
Сабалайсың, шашасың.
Иіскесем шөлімді
Қандырасың бұлақтай.
Сүйсінемін бейнеңе
Жайқалған жас құрақтай.
ХХХ
О, тәңірім, сәбиіме ғұмыр берші баянды,
Аман қылғын тіл мен сұқтан, жолықтырма аярды.
Тілемейін қалы кілем, мамық төсек, жаяр-ды,
Тоспа маған жылы-жұмсақ, қазы-қарта, жаяңды,
Қолым жайып жалбырындым, қарашығым, қалқама
Ғұмыр берші мағыналы, ұзақ, мәнді, баянды.
О, жасаған, құлыныма, берші және бағыңды,
Ашуланба: «ынсапсыз құл»- деп, - «тағы да шағынды».
Төкпейді енді заржақ ауыз құлаш-құлаш шағымды,
Сұрамайын жақұт тәж бен алтын аса, тағыңды.
Аман болса, терін төгіп табар өзі барлығын
Тек тілегім – маңдайына қондыршы Ием бағыңды.
О, тәңірім, өзіңнен бар тағы да бір тілегім,
Денсаулығын мықты қылшы, мығым етіп білегін.
Емін-еркін кезсінші бір Жер-ананың кілемін,
«Майлы қара көп кешеді» дегенді де білемін.
Шырқыратқан тән ауруын сезбесінші шыбыным
Балғын дене өссінші сау, осы менің тілерім.
О, тәңірім, осы үшеуін тілек еттім балама,


122
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Бағы жана дені сау боп, ғұмыр кешсін шарана.
Жас теректей жайқалсыншы самал желмен тарана.
Таң алдында шырт ұйқыдан жұлып алып сұрасаң
Жалғыз ғана осы тілек оралады санама!
Жалғыз ғана осы тілек оралады санама!


АНА ТАҒДЫРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет