1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

Абзал ана
Әр құлынын қосқан сайын үйіріне тағдырдың
Ана тұрар алып-ұшып жүрегі,
Жайлы, жарқын болашақ боп тілегі.
Қадамына қызықтайды,
Танауына пысқырынған күледі.
Құлыншағы келген сәттен
Жүрегіне мейрім толып, маңдайына бақ қонып,
Жан-жүйесі қайта соғып, 
Жаңаша өмір сүреді.


108
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Әр құлынын қосқан сайын бәйгесіне тағдырдың
Ана қысар үйде отырып тақымын.
Бабаларын «жебей гөр» деп шақырып,
Ақыл қосар тіршіліктің 
байқай жүр деп ойын, қырын, тақырын.
Ұлы көшке ергеніне
«Тәубә» дейді құптап іштей,
Елеңдейді ас ішпей,
Қобалжыған көңілі түспей,
Жасын сығар ақырын
Әр құлыны ерген сайын дүрмегіне өмірдің
Ана жүрер саулық тілеп, қайғы жеп
Жол көрсетер, ордан байқап қарғы деп
Жел өтіне өзі тұрар,
Кетпесін деп бүрсеңдетіп тайды леп.
Алаңдайды ана-байғұс,
Қалмасын деп адасып,
Жүрмесін деп шатасып,
Іштей беріп батасын
Жүрек соғар толқи кеп.
15.03.1993ж.
Әке рухымен сырласу
Бара алмадым бүгін, әке, қасыңа,
Осы бір ой санам жаулап барады.
Ерік беріп еркіндігім – жасыма,
Төрде тұрған суретіңе қарадым.
- Сағыныштан аққан сарқыт – жасыңа
Еріп тұрмын. Текке төкпе, қарағым, -
Дегендей боп, - балапаным, жасыма,
Жансыз бейнең жұбатуға жарады.
Бара алмадым, ертең барсам дұға арнап,
Келгенімді сезермісің жаныңа.
Тастан өрген бейітіңді құшақтап,
Жылап, жылап қайтар ма екем тағы да...
25.07.1993


АНА ТАҒДЫРЫ
109
ХХХ
Туған күнің бүгін, әке, ер жасына толған күнің,
Шалқып, тасып отыратын сәтің осы сайран құрып.
Сұлу, кесек келбетіңнен жымиғанда тарап нұрың,
Жамағатқа айтар ма едің тілегіңді қарап тұрып.
Айтар ма едің жамағатқа соңғы тілек қарап тұрып...
Айтар ма едің тілегіңді, арманыңды, алғысыңды,
Еркелетіп ұл-қызыңның әрқайсысын жалғызыңдай.
Қағар ма едің арқасынан риза болып балдызыңды,
Орындалмай соның бірі ұшып кеттің жыл құсындай.
Жылы жаққа өткен күзде ұшып кеткен жыл құсындай...
Өзің жоқсың жанымызда, оралсаңшы, туһ, сағындым, 
Сағынуда ұрпағың да, құдай қосқан қосағың да.
Иісіңді сезгендей боп зираттағы жусаныңнан
Елесіңді көргендей боп телміреміз қу сағымға.
Өзің жоқсың жанымызда, оралсаңшы, туһ, сағындым... 
24.07.1993ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет