1. Үй-жайлардың микроклиматы. Микроклимат түрлері. Оны қалыптастыратын факторлар


Этиологиясы микробтық тамақтан улану,жіктелуі, клиникалық көрінісі, алдын-алу



бет19/26
Дата10.10.2022
өлшемі87,84 Kb.
#42129
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Гигиена РК 126 Erkebulan 44стр

20. Этиологиясы микробтық тамақтан улану,жіктелуі, клиникалық көрінісі, алдын-алу
Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз. Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.Токсикоинфекцияларды, токсикоздар мен микоталарды микробтық сипаттағы улануларқамтиды. Тағамдық токсикоинфекция - қысқа мерзімді айқын интоксикациямен сипатталатын жедел ауру. Токсикоинфекция патогенезін айқындайтын факторларға тағам құрамындағы ауру қоздырғыштарының ағзаға түсуі жатады. Ағзадан тыс тағамдық токсикоинфекция тағамдық азық-түліктерде жылуға тұрақты токсикалық заттар түзеді. Залалданған азық-түліктерді жылытқанда токсикоинфекция қоздырғыштарының жалпы бұзылуы байқалып, нәтижесінде токсикалық заттар (эндотоксин) бөлініп, тағамға түседі. Тағамдық токсикоздар тағамда өсіп-өнген кейбір микроағзалардың (экзотоксиндердің) токсиндерінің ағзаға әсер етуімен байланысты. Азық түліктердің микроағзалармен және олардың токсиндерімен залалдануы әртүрлі жолдар арқылы жүреді. Мысалы, азық-түліктер өндірістегі санитарлық және технологиялық бұзылыстар, тасымалдау, сақтау, сату нәтижесінде залалдануы мүмкін. Жануарлар өнімдері (ет, балық, жұмыртқа) жануарлардың өмір сүруі барысында да залалдануы (жұқпалы аурумен ауырғанда немесе жануарлар бактерио-тасымалдаушы болса) мүмкін. Алайда микробтармен залалданған азық-түлікті пайдаланған кезде тағамдық улану әркез туындай бермейді. Микроағзалар немесе олардың токсиндерінің мөлшері өте көп болған жағдайда ғана азық-түлік аурудың көзі болады. Тағамдық уланудың жаз мезгілінде өте көп тіркелуі де осының айғағы, себебі ол кезде микроағзалардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады. Тағамға байланысты туындайтын аурулардың шығу және таралу заңдылықтарын ескере отырып, тағам өнеркәсібі өндірісінде олардың алдын алу шараларын негізгі үш бағытта жүргізу қажет:
- тағамдық азық-түліктердің патогенді микроағзалармен залалдануының алдын алу;
- тағамдық улануды тудыратын қоздырғыштардың өмір сүруін шектейтін жағдай тудыру;
- тағамдық улануды тудыратын қоздырғыштардың жойылуына алып келетін жағдай тудыру.
Тағамдық бактериалды токсикоздар құрамында бактерия токсиндері бар, азық-түліктерді пайдаланғанда дамиды. Бұл топтардағы ауруларға стафилококкты токсикоздар, ботулизм және микотоксикоздар жатады.
Стафилококкты интоксикациялар (токсикоздар) Staphylocoссus туыстығынан шыққан патогенді стафилококктар терінің, тері асты май бездерінің,мұрын жұтқыншақтың қабыну үдерістерін (баспа, ринит, жоғарғы тыныс жолдарының қатары және т.б.) тудырады.Стафилококктар қолайлы жағдайда қарқынды дамиды және әртүрлі азық түліктерде (сүт, ет, балық, көкөніс) токсин түзуі жоғарлайды.Стафилококк инфекциясының қайнар көзіне маститпен ауырған, бауырында, бұлшық еттерінде іріңді жаралары бар ауру малдар жатады. Жануар өнімдері стафилококкпен малдың тірі кезінде (желіні мастит болған сиыр сүті) немесе ұшаны (тушаны) бөлу кезінде ластанады. Әдетте стафилококк интоксикациясының инкубациялық кезеңі 2-4 сағат. Кенеттен адамның жүрегі айнуы, құсқысы келеді, іші өтеді, іші ауырып, әлсіздік байқалады. Дене қызуының көтерілуі сирек. Аурудың ұзақтығы 1-2 күн. Патогенді стафилококктардың кейбір түрлері тағамдық азық-түліктерге түсіп энтеротоксин түзеді де, тағамдық улануды тудырады. Қазіргі кезде стафилококк энтеротосиндерінің 6 серологиялық түрі белгілі, олар A, B, C, D, E, F әріптерімен белгіленеді. Ол бактериялардың көпшілігі алтын түстес дақтар түзеді.
Ботулизм – құрамында ботулин таяқшаларының токсині бар тағамды пайдаланғанда дамитын өте ауыр тағамдық улану. Табиғатта ботулизм қоздырғышы кең таралған; жылу қанды жануарлардың, балықтардың, адамдардың, кемірушілер мен құстардың, мысықтардың ішектерінде кездеседі. Ботулизм қоздырғышы қышқыл ортаға аса сезімтал, себебі қышқылды ортада олар токсин бөлмейді. Ботулизм – жоғарғы өлім көрсеткішіне (60-70 пайыз) әкелетін өте қатерлі ауру. Инкубациялық кезеңі 12-24 сағат, кейде бірнеше күн, ал кейбір жағдайларда 2 сағатқа дейін қысқарады. Аурудың алғашқы белгілеріне әлсіздік, бастың ауруы, бас айналу, кейде құсу жатады. Сонан соң көз қызметінің бұзылуы (көздің көру қабілетінің төмендеуі, бір заттың қосарланып көрінуі, қабақтың түсуі) байқалады. Адамның даусы әлсіреп, шайнау мен жұтыну қиындайды. Аурудың ұзақтығы әртүрлі, шамамен 4-8 күн, кейде 1 ай, одан да көп болуы мүмкін. Ауруды емдеу үшін ботулизмге қарсы сары су егеді, оны дер кезінде ексе өлім қаупінің алдын алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет