14. Жатақханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Жатақханаларды жобалау және салу кезінде дәлізді жүйедегі тұрғын бөлмелер 10 бөлмеден аспайтын және пәтерлі жүйедегі 3 бөлмеден аспайтын блоктарға топталады. Әр блокта бірнеше блокқа ортақ болуы мүмкін ас үйі мен санитариялық торап, себезгі бөлмелері көзделеді.
-Отбасылық үлгідегі жатақханаларда балалардың ойын бөлмелері жобаланады.
Жатақхана ғимараттарында:
1) тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында және оларға тікелей жапсарлас санитариялық тораптар, қол жуғыштар, себезгі бөлмелерін орналастыруға;
2) тұрғын үй-жайлар астында қоқыс камерасын орналастыруға;
3) қоқыс салғыш құбырлар мен электр қалқандарын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;
4) санитариялық-техникалық аспаптарды тұрғын бөлмелердің қоршау қабырғаларына тікелей бекітуге тыйым салынады.
-Жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің алаңы бір адамға шаққанда 6,0 м2 кем болмауы тиіс.
-Көп қабатты жатақханалардағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, атап айтқанда дәретханалар, қол жуатын бөлмелер, кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, ортақ ас үйлер, жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жайлар (орын) әр қабатта болуы тиіс.
-Медициналық пункт үй-жайлары 1-қабатта орналастырылады, мәдени-көпшілік іс-шараларға, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар 1 немесе 2-қабаттарда тұрғын үй-жайлардан оқшау орналастырылады.
-Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы бөлектенеді, суық су мен ыстық су жүргізілген ванналармен, ылғалға төзімді жабыны бар орындықтармен немесе үстелдермен, стеллаждармен, легендермен; кір және киім кептіруге арналған үй-жайлар кірді кептіруге және үтіктеуге арналған құрылғылармен жабдықталады.
-Ас үйлер плиталармен, жуу ұяшығымен, үстелдермен жабдықталады.
-Кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
-Объектілер үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығы, температурасы мен ауа алмасу жиілігінің параметрлері осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
-Жатақханалардың барлық тұрғын үй-жайлары, сондай-ақ ортақ дәліздері мен холлдары табиғи жарықтандырылуы тиіс. Санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, қоймалар мен адамдар аз уақыт болатын басқа да қосалқы үй-жайларды табиғи жарықсыз орналастыруға жол беріледі.
-Терезе әйнектері таза күтіп-ұсталады, ластануына байланысты тазартылады.
-Жатақханалардың үй-жайларында қоқысқа арналған урналар, ас үйлерде тағам қалдықтарына арналған қақпағы тығыз жабылатын, толуына байланысты тазартылатын сыйымдылықтар қойылады.
-Ортақ қолданылатын үй-жайлар мен дәліздерге қоқыс шығаруға және қалдықтар салынған сыйымдылықтарды сақтауға жол берілмейді.
-Жұмсақ мүкәммал (матрацтар, көрпелер, жастықтар) эпидемиялық айғақтары бойынша дезинфекцияланады.
-Матрацтардың ластануына қарай жуылатын ауыстырмалы сыртқы тысы болуы тиіс. Төсек жабдықтары ластануына қарай, бірақ 7 күн сайын кемінде бір рет ауыстырылады.
-Төсек жабдықтарының қосымша жиынтығы (матрацтардың тыстары, жастықтар, көрпелер) бөлек шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.
15.Төтенше жағдай кезінде қонақ үйлерге қойылатын санитарлықэпидемиологиялық талаптар
Санитариялық-эпидемияға қарсы қамтамасыз ету - бұл инфекциялық аурулардың туындауының алдын алуға және оларды жоюға, сондай-ақ апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар аймақтарында санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйдің күрт нашарлауы кезінде санитариялық қағидалар мен нормаларды сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, құқықтық, медициналық эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені.
- Эвакуацияланған халық өрістету мен құрылыстарды, қажет болған жағдайда уақытша тұрғын үйлерді (шатырларды, киіз үйлерді, жер салғыштарды, Құрама немесе жылжымалы үйлерді және т.б.) ескере отырып, 1 адамға 6 м2 есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сақталған тұрғын үй қорын (тұрғын үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, пансионаттар, әскери қалашықтар, балалар лагерлері) пайдалануға болады.
- Инфекциялық науқастар орналасқан үй-жайлардағы ауа температурасы орташа салыстырмалы ылғалдылығы 35-65% болған кезде 18°С-тан төмен болмауы тиіс. Шамадан тыс салқындатуды болдырмау үшін зардап шеккендерді сыртқы қабырғалардан 0,5-0,8 м жақын емес тюфяктарда, төсектерде, төсеніштерде және т.б. орналастыру керек.
- Емдеуге келіп түсетін инфекциялық науқастардың мұқтаждықтары үшін су шығынының нормалары тәулігіне кемінде: стационарлық емдеудегі 1 науқасқа-75 л, жууға-45 л құрайды, санитариялық өңдеу жүргізу үшін қалалық моншалар немесе жылжымалы дезинфекциялық-себезгі қондырғылары (ДДА, ДДП, монша-кір жуу поездары және т.б.) пайдаланылуы тиіс.
Жүн және мақта - мата киімдерін кептіруге арналған ауа температурасы 60 °с, аяқ киімдер мен Үлбір киімдерді кептіруге арналған ауа температурасы 40 °С деңгейінде сақталуы тиіс.
- Тұрғын аймақтан 50-100 м қашықтықта: 1 кранға 20 адамнан аспайтын есеппен қолжуғыштар; 20 әйелге бір унитаз, 40 ер адамға бір унитаз есебінен сыртқы дәретханалар орналастыру керек.
- Тұрғын үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды тәсілмен жинау күн сайын жүргізілуі тиіс, барлық үй-жайларды жалпы күрделі жинау аптасына кемінде бір рет жүргізіледі. Қолжуғыштар мен дәретханалар тәулігіне кемінде 2 рет жиналады және дезинфекцияланады.
- Адамдарды орналастыру орнынан сыртқы дәретханаларға дейінгі қашықтық - 50-100 м; шұңқырларға - кемінде 5 м; қоқыс жинағыштарға арналған алаңдарға - кемінде 20 м; шошқалар мен басқа да мал шаруашылығы объектілеріне - кемінде 200 м; көмірі бар ашық қоймаға - кемінде 300 м; сүзу алаңдарына - кемінде 500 м; ассенизация алаңдарына - кемінде 1 км; қоқыс төгетін жерге (полигонға) - кемінде 3 км.
- Қалашықты шатырлы нұсқада өрістету кезінде шатырларда тұру мерзімі гигиеналық тұрғыдан уақытша (6 айға дейін) деп қарастырылатындығын ескеру қажет, өйткені оларда тұрақты және қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдай жасау қиын.