1. Үй-жайлардың микроклиматы. Микроклимат түрлері. Оны қалыптастыратын факторлар


 Тамақтан улану, түсінігі, жіктелуі



бет18/26
Дата10.10.2022
өлшемі87,84 Kb.
#42129
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
Гигиена РК 126 Erkebulan 44стр

19. Тамақтан улану, түсінігі, жіктелуі
Тамақтан улану - ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады.
Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз. Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.
Тамақтан улануды этиологиялық белгілері бойынша жіктеу:
-токсикоинфекцияларды, токсикоздар мен микоталарды қамтитын микробтық сипаттағы уланулар,
-микробтық емес сипаттағы улану-белгілі бір жағдайларда улы өнімдермен улану және химиялық заттардың қоспаларымен улану; өз табиғаты бойынша улы өнімдермен улану,
-анықталмаған этиологиямен улану
Тамақ токсикоинфекциялары құрамында м/о көп мөлшерде көбейтілген өнімдерді пайдалану кезінде пайда болады, ол шартты-патогенді қоздырғыштардан пайда болады,мысалы ішек таяқшалары. Тамақ токсикозы кейбір м/о токсиндердің (экзотоксиндердің) ағзада жиналуымен байланысты. Аурулардың бұл тобына стафилококкты токсикоздар, ботулизм және микотоксикоздар жатады. Улану тағы көп жаңдайда саңырауқұлақтарды қолданудан пайда болады.
Саңырауқұлақпен уланудың алдын алу:
- саңырауқұлақтар тәжірибелі маманның қатысуымен сараптамадан өтеді,
- саңырауқұлақтарды (жаңа піскен және консервіленген) сатуды қадағалауды ұйымдастыру)
- тек қана тұздықта сақтай отырып, саңырауқұлақтың тек бір түрін тұздау және маринадтау
- саңырауқұлақтарды дұрыс технологиялық өңдеуді сақтау
- халықты санитарлық нормалармен таныстыру.
Микробтық емес типтік улану тамақ өнімдерінің ауыр металлдардың уға ауналунан болады. Тамақтағы қорғасын,мыс,цинкғмышьяк элементтерінің болуы және олардың жиналуы организмнің улануына әкеледі. Тамақ өнімдері өндірістің, тасымалдаудың, сақтаудың,санитариялық және технологиялық бұзылулары нәтижесінде залалдануы мүмкін. Жануарлардан алынатын өнімдер жануардың тіршілігі кезінде де бұзылуы мүмкін. Алайда, м/о жұқтырған тамақ өнімдерін тұтынған кезде тамақтан улану әрдайым пайда бола бермейді. Тамақтан уланудың себебі тек тамақ өнімдерде м/о жаппай көбеюімен немесе токсиндердің едәуір жиналуымен болады.
Тамақтан уланудың профилактикасы:
1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.
2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
3.Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.
4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.
5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
8.Ас үйді таза ұстаңыз.
9.Таза суды пайдаланыңыз.
10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет