1. Жаһандық перспективадағы білім беру



бет5/27
Дата27.02.2023
өлшемі60,69 Kb.
#70089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.

5.Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифрализация.

Масс медиан және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс асы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер әрі кезеңге сай ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі лексографиялық және лингвистикалық заңдылықтарға бағынады. Себебі, қазіргі таңда кез келген салада БАҚ-тың араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ. Осыған орай, бүгінгі ақпарат ғасырында ауызекі және тілдік қолданыс аясын түрлі лексикалық топтар мен терминологиялық бірліктер нәтижесінде еселей толықтырып отырғанда, сан миллиардтаған аудиториямен қарым-қатынастағы масс медиа және коммуникация тілінің маңызын арта түсуі де заңдылық болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет