бағдарламаға сай болуы, есеп мазмұны нақтылыққа құрылған, шығарылу
жолы практикалық әдіс тәсілдерге жақын болуы керек [2].
Кейбір жағдайларда қолданбалы есептерді шығару барысында көптеген
мұғалімдер ол есептердің математикалық моделін құруға, мысалы теңдеу
құруға, оны шешуге көбірек назар аударады. Әрине бұл дұрыс, бірақта мұндай
есептерді шығару сан жағынан аз болса да, ол есептердің бастапқы берілген
шарттарын жан-жақты талқылауға, оларда берілген шамалардың мән
мағынасын анықтауға, сондай-ақ, ол есепті шешудің таңдап алынған жолдың
дұрыстығын анықтап, талдауға аса назар аудару қажет, өйткені қолданбалы
есептерді шығару барысында бұл мәселе оқушыларда үлкен қиындық
тудырады. Және де оқушыларда кәсіпке байланысты қолданбалы бағыттағы
ойлауды қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді.
Мектептің математика курсының құрамына математикалық анализ
бастамаларын
енгізу,
оның
қолданбалылығын
және
өмірмен
байланыстылығын күшейтуге үлкен әсер етеді. Бірақта ол мүмкіндіктерді
жүзеге асырып оқушыларды математикалық анализ әдістерін қолданбалы
есептерді шығаруға пайдалануға дағдыландыру төмен жағдайда болып отыр.
Оның бірінші себебі дифференциалдау, интегралдау амалдары мектеп
курсында кештеу (10-11сыныптарда) енгізілген. Екінші себебі математикалық
анализдің тәсілдерін қолданып қолданбалы есептерді шығаруға үйрететін
әдістемелік құралдар жеткіліксіз, сонымен қатар, мұндай есептер мектеп
оқулықтарында өте аз. Ең негізгі себебі мұғалімдер көпшілігінің
математиканы
оқытудың
қолданбалылығы
мен
политехникалық
бағыттылығын арттыруға немқұрайлы қарауы болып табылады .
Оқушыларды кәсіби бағытта дайындауда қолданбалы есептерді шығаруға
төмендегідей
Достарыңызбен бөлісу: