Міне, осы міндеттер ауқымында оқушылардың математикалық сауатын
қалыптастырудың маңызы зор.
Математиканың қолданбалы бағытын көрсету оқушылардың көзқарасын
қалыптастырады. Математика сабағында теориялық материал мен есеп
шығару
материалын тығыз байланыстырып, оқушының нақты да жүйелі
математикалық дағдысын қалыптастыру керек. Себебі бұл дағды
математиканы әрі қарай меңгеруге,
оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет
болады.
Мектепте оқушылар көп жағдайда абстракциялы мазмұнды есептер
шығарады, балалар шартты есепке көп
ынта қоймағандықтан олардың
белсенділігі төмендейді.
Сол себепті:
- ортақ математикалық моделі бар әр түрлі мазмұнды қолданбалы
есептерді;
-абстракциялы, дерексіз есептерді тәжірибелік мазмұнмен толықтыру
керек.
Математиканы қолданбалы бағытта оқыту дегеніміз
:
- математиканы оқытуда техника мен
оған жақын ғылымдарда оны
қолдану;
- халық шаруашылығы мен тұрмыста қолдануға бағыттау, немесе оқытуға
политехникалық бағыт беру, яғни физика, химия, география, сызу, технология
сабақтарымен байланыс орнату;
- компьютерлік сауаттандыру;
- математикалық ойлау және жұмыс дағысын қалыптастыру;
-
оқушыны есептер шешуге, мысалдар шығартуға, оқушы өз бетінше
есептей білу дағдыларын қалыптастыру.
Математиканың ерекшелігі – оның қолданылымының әмбебаптығы.
Табиғаттың рухани және материалдық байлықтарын ұқыпты игеруде өлшеп,
есептеп, саралап алмай мәселені шешуге тіптен
болмайтыны өзінен-өзі
белгілі. Міне, осы кезде математиканың табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі
айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: