1. Жаңартылған мазмұндағы математика оқулықтарында мәтінді есептердің қолданбалы аспектілері



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата02.10.2023
өлшемі278,16 Kb.
#112714
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекц ммок

әдістемелік нұсқауларға
сүйенген жөн болады:
- қолданбалы есептер мектеп бағдарламасына эпизодты емес жүйелі 
түрде енгізілуі керек

қолданбалы есептерге арналған жаттығулар, математиканың 
бағдарламалық материалымен сәйкестендірілуі керек;
- оқытылу мерзімінің шектеулігіне байланысты, қолданбалы есептерге 
арналған жаттығулар дұрыс және жеткілікті таңдалуы қажет; 
- жаттығулар жүйесі қарапайымнан күрделіге принципіне сүйене отырып, 
қиындық дәрежесінің күрделілігіне байланысты орындалуы қажет [3].
Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларын бейіні және бағдары түрі 
бойынша, өзі қалаған саланы таңдау және қолданбалы курстарда оқыту 
тәжірибеге еніп кетті. Алайда қолданбалы курстарды өткізудің өзіндік 
қиындықтары бар. Бірінші себеп дайын оқу бағдарламасының жоқтығы, 


екінші себеп, әдебиеттермен жұмыс жасағанда әдебиеттер жеткіліксіз. 
Қолданбалы курс бағдарламасын әзірлеуде ғылыми жағы мен қолданбалы 
жағы қатар жүрсе ғана оқущыны қызықтыра аламыз. Оқушыларға кәсіби-
бағдар беруде қолданбалы бағыттағы есептерді шығаруға 10-11 сыныптардағы 
қолданбалы курстардың әсері мол. Мысалы, «Дифференциалдық және 
интегралдық есептеулер» тақырыбындағы қолданбалы курсын алуға болады. 
Математикалық анализдің элементтерін оқып біле отырып, оқушылар оның 
қолданбалы мүмкіндігін бағалап және меңгеріп, математикалық анализдің 
элементтерін кәсіптік есептерді шешуге қолдану дағдысын ашады.
Айталық, «Туындының стандартты емес есептерде қолданылуы» 
тақырыбындағы сабақта төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге болады: 

білімділік
- функцияны экстремумдарға зерттеу қолданылады; 

тәрбиелік
- өз ойларын, пікірлерін нақты айтуға, ғылыми талдауларға 
сүйене отырып дәлелдеуге, математикалық ойлауын қалыптастыру; 

дамытушылық
- оқушыға кәсіптік бағдар беру, құрылыс мамандары
архитектор, өндіріс орындарының қызметкерлері туралы деректермен танысу.
Мынадай есептер қарастыруға болады: 
1-мысал. Сыйымдылығы v, материалының қалыңдығы d-ға тең беті ашық 
науа (резервуар) салу керек. Осы науаны жасауға барынша аз материал жұмсау 
үшін оның өлшемдері (биіктігі, табанының радиусы) қандай болуы қажет [4] ? 
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алады.
2- мысал. Химиялық лабораторияларда қолданылатын конус тәрізді 
дөңгелек фильтр (сүзгі) қағазды орау арқылы жасалады. АОВ секторынан 
басқа дөңгелектің қалған бөлігі конустық воронканың бүйір қабырғасын 
құрайтындай етіп оралады. Сүзгі қағаздың радиусы R болса, табаны қандай 
болғанда конустың сыйымдылығы үлкен болады [2] ? 
Тағы басқада көптеген мысалдар келтіруге болады. 
(Үйге тапсырма: Жаңартылған мазмұндағы математика оқұлықтарынан 
қолданбалы аспектілердегі мәтінді есептерді тауып, шығарып тексеруге өткізу 
Кемінде 5 есеп).
Сонымен, қолданбалы аспектілердегі мәтінді есептер: 
- оқушылардың математикалық ойлауы мен танымын өсіреді; 
- оқушылар теорияны, материалдың қажеттілігіне, өмірдегі пайдасына 
сүйене отырып керегінше пайдалануға уйренеді; 
- нақты өмірдегі есептерден математикалық абстракциялар шығатынын 
көреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет