1. Жалпы ережелер Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған «Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»



бет10/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#20192
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
2) 1 модульдің қысқаша мазмұны

Дәріс: «1.1. Оқу процесінде мұғалімдердің психологияның, педагогиканың заманауи әдістерін қолдану және нормативтік құқықтық актілерді жұмыста қолдану бойынша практикалық дағдыларын дамыту» (2 с.).

Мақсаты: педагогтерді қазіргі заманғы оқушылардің білім деңгейінің құзыреттіліктерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды ескере отырып, ақпаратты қабылдаудың ерекшелігі ретінде клиптік ойлаудың жаңа ғылыми ережелерімен таныстыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында 2-тарауда көрсетілген. «Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар», 7-тармақта жалпы орта білім берудің келесі мақсаттары берілген: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:

      1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;

      2) сын тұрғысынан ойлау;

      3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

      5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;

      6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;

      7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау [1, 96-бет].

Жоғарыда аталған оқушылардың, атап айтқанда сын тұрғысынан ойлау, білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында мұғалімдер қазіргі педагогикалық психологияда «клиптік ойлау» деп аталатын проблемамен бетпе-бет келді. Педагогтардың көпшілігінде кітап оқу процесінде қалыптасатын вербалды-логикалық немесе тұжырымдамалық ойлау қабілетін меңгерген. Клиптік ойлау Интернет пен гаджеттер арқылы ақпаратты қабылдау нәтижесінде қалыптасады және көптеген оқушыларға тән.

Клиптік ойлау дегеніміз «... әр түрлі ақпаратты физикалық және виртуалды нысандар түрінде, олардың бір-біріне сәйкес келмеуімен, уақыттық және кеңістіктік дезинхронизациямен, фрагменттердің жоғары берілу жылдамдығымен, бірқатар образды логиканың болмауымен сипатталатын нысандарды көрсету» дегенді білдіреді [2, 587 бет]. Осылайша, клиптік ойлау сыни ойлауды дамытуға ықпал етпейді. Сонымен қатар, психологтар «... клиптік ойлаудың пайда болуы табиғи түрде және қазіргі жастарға оқытудың ескі әдістерін енгізудің мағынасы жоқ деп санайды. Клиптік ойлаудың ерекшеліктерін оңтайлы ескеретін білім беру технологияларын қолдану әлдеқайда нәтижелі болар еді». [3, 273 бет]:


  • ойын технологиясын қолдану, өйткені ойындар, әсіресе компьютерлік ойындар, көбінесе ақпаратты қабылдау мен ойлау тәсіліне бірегей сәйкес келеді;

  • зейін, есте сақтау, логикалық және дивергентивті ойлауға үйрету жаттығуларын енгізу;

  • «оқушыларға оқу материалдарын графиктер, ағындық карталар (блок-схем), ақыл-ой менталды карталары, Исикава диаграммалары түрінде, ең маңызды ақпаратты оқшаулау, себеп-салдарлық байланыстар мен құрылымдық деректерді қалыптастыру дағдыларын дамытатын білімдердің жетілдірілген жүйесі түрінде ұсыну» [4; 23];

  • материалды көрсету үшін, оқу материалын ұсыну үшін АКТ құралдарын қолдану.

1.2. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы:

«Физика мұғалімдерін кәсіби стандартының және аттестаттау рәсімдерін өткізу бойынша (психологиялық-педагогикалық аспектісі) талаптары тұрғысынан педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру» (2 с.).

Мақсаты: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқу процесін ұйымдастыру және білім беру педагогикалық психологиясы саласындағы ғылыми зерттеулер, атап айтқанда оқушылардың клиптік ойлау қабілетін дамыту дағдыларын дамыту.

Тәжірибе сабағының жоспары:

Кіріспе бөлім.

Сөйлесу сұрақтары:


  1. Қазіргі заманғы біліктілік талаптарына сәйкес мұғалімнің кәсіби портреті (мұғалім-сарапшы, мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер).

  2. Оқытушының жеке және кәсіби сапаларының оқушыларға әсері (белсенді тыңдау, ұқыптылық, эмпатия, сыни ойлау, тұжырымдамалық ойлау қабілеті).

  3. Талқылауды қорытындылау.

  4. Тыңдаушыларды топтарға бөлу: «Назар аудару», «Есте сақтау», «Сыни тұрғыдан ойлау»

Негізгі бөлім. Топтық жұмыс

1-тапсырма. Атауларына байланысты топтарға келесі тапсырма беріледі:



  1. «Назар аудару» тобына: ақыл-ойды дамыту жаттығуы тақырыбында сабақтың жоспарына біртіндеп кіріктіру;

  2. «Есте сақтау» тобына: есте сақтау жаттығулары тақырыбындағы сабақ жоспарына біртіндеп кіріктіру

  3. «Сыни тұрғыдан ойлау» тобы: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жаттығулары тақырыбында сабақ жоспарына біртіндеп түрде кіріктіру.

2-тапсырма. Алдыңғы топтарда қалған тыңдаушылар, көрнекі оқу ресурстарын қолдана отырып, жаңа сабақ тақырыбының презентациясы туралы үзінді жасау керек, сонымен қатар

  1. «Назар аудару» тобы жаңа материалды түсіндіруде оқушылардың зейінін дамытады;

  2. «Есте сақтау» тобы жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытады;

  3. «Сыни тұрғыдан ойлау» тобы жаңа материалды түсіндіре отырып, оқушылардың сыни ойлауды дамытады.

3-тапсырма. Таныстырылым, әзірленген сабақ үзінділері (әр топқа 30 минут).

Қорытынды бөлім: сабақты қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет