3 модуль. Педагогтердің ІТ құзыреттіліктерін дамыту. Заманауи мұғалім білім беру процесінің жалпы деңгейін арттыру үшін электронды ақпарат көздерімен, ақпаратты құру және өңдеу құралдарымен жұмыс жасау дағдыларына ие болуы керек.
Оқу процесінде IT технологияларды тиімді қолданудың белгілі тәсілдері WEB 2.0 сандық сервистері, сандық білім беру ресурстары болып табылады. Дәріс сабақта тыңдаушылар IT технологияларды тиімді қолдану үшін игерілуі керек негізгі ұғымдарды үйренеді: ақпараттық технологиялар, компьютерлік және компьютерлік емес технологиялар, сандық білім беру ресурстары, WEB 2.0 технологиялар.
Тренинг және практикалық жұмыс барысында курс тыңдаушылары WEB 2.0 ресурстарымен, сондай-ақ, Kahoot және ZOOM жұмыс істеудің жалпы алгоритмін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |