Оқытушы: Адманова Г.Б, биология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еmail: admanova@mail.ru
Zoom конференциясының ID номері 9712893866, пароль 201202
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қолданбалы биотехнология пәні молекулалық биология, жасушалық және молекулалық биофизика, биохимия, иммунология және заманауи инженерия негізінде дайындық мәселелерін қамтиды. Биологиялық объектілерді (микробтарды) бақылау, сипаттау, сәйкестендіру және ғылыми жіктеу әдістерін, әртүрлі топтағы организмдердің геномдары мен протеомаларын ұйымдастырудың заңдылықтарын іс жүзінде негіздейді. Курс заманауи қолданбалы биотехнологиялық ғылымның жетістіктері, өсімдік шаруашылығы, селекция, мал шаруашылығы, жемшөп препараттары, органикалық қалдықтарды өңдеу, экология мәселелерін шешуде білім қалыптастырады.
Оқыту мақсаты:биотехнологиялық процесстермен байланысты теориялық білімді және дұрыс, тиімді ойлауды қалыптастырып, оны өндірісте жүзеге асыруға бағытталған.
Оқыту нәтижелері ОН-5, ОН-7: 1. биотехнология туралы түсінік, биотехнология түрлері, биотехнологиялық өнеркәсіпте қолданылатын негізгі әдістер, гендік инженерия биотехнологиясының негізгі міндеттерін білу;
2. жаңа материалдар жасаудың, жем ақуыздарын алудың, трансгендік өсімдіктер мен жануарларды құрудың технологиялық процестерімен танысу;
3. биотехнологияның, молекулалық биологияның, гендік инженерияның даму перспективаларын бағалау;
4. қолданбалы биотехнология саласындағы теориялық және практикалық есептерді шешу үшін ақпараттық технологияларды қолдану, биотехнологияның, молекулалық биологияның, гендік инженерияның даму перспективаларын бағалау;
5. қолданбалы биотехнология жайында өз білімдерін тұжырымдап, қорытындыларды анық түрде баяндай алады және дәлелдей алады.
Прекреквизиттер:Микробиология, Өсімдіктер биотехнологиясы, Микроорганизмдер биотехнологиясы