1. жалпы мәліметтер оқытушылар



бет1/11
Дата19.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#119369
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ИББ силлабус Химия 4 кредит



1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР




Оқытушылар: Жулаева Аида Ивановна – м.ғ.к., доцент, Aidazhulaeva@mail.ru
Zoom ID 4930826609 пароль - 275508
Оразова Жанна Орынбасарқызы - аға оқытушы, магистр, orazova.1974@bk.ru
Zoom ID 550-359-5262 пароль - 8AeeCM


Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Инклюзивті оқыту – ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға теңдік қатынасты қамтамасыз ету идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім беру курсы Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихын; Қазақстан Республикасында ЕБҚ балаларды мемлекеттік қолдау жүйесін; инклюзивті білім берудегі педагогтың ролін; есту, көру, сөйлеу, т.б. бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын; ЕБҚ бaлaлaрды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбaсының байланысын; ЕБҚ балалардың жеке оқу траекториясын жоспарлау және инклюзивті ортада оқыту технологияларын; инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін қарастырады.


Оқыту мақсаты: студенттерге инклюзивті білім берудің негізгі міндеттерін, ерекшелігін, қағидаларын және халықаралық тәжірибені игерту.


Оқыту нәтижелері: ОН-3
1.Қазақстанда және шетелде инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы туралы түсініктерді біледі және түсінеді;
2.Білім беру ұйымында инклюзивті білім беруді жобалайды және баланың даму болжамын жоспарлайды;
3.Қазақстанда және шетелде инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайын талдайды;
4. Инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайында балаға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;
5. Инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайында баланың психофизиологиялық мәртебесін бағалайды.
Пререквизиттері: Педагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Бағалаудың өлшемдік технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет