Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Психология» пәнінен 6В01 Педагогикалық ғылымдар, 6В02 – Гуманитарлық ғылымдар және барлық білім беру бағдарламаларының бакалавриат мамандықтарына арналған жалпы білім пәндер бағытындағы әлеуметтік-саяси білімдер модулі. Психология пәнінде дәрістік және практикалық сабақтар, БӨЖ тапсырмаларын орындау, сонымен қатар ағымдық және аралық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда психология пәнінің басқада қоғамдық пәндермен өзара байланысы оқытылады. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде. Тұлғааралық қарым-қатынас қазақстандық үйлесімді тұлғаның даму факторы ретінде. Тиімді тұлғааралық қарым-қатынас технологиялары қоғамдық сананы жаңғырту негізі ретінде тақырыптары мазмұны берілген.
Оқыту мақсаты:Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқыту нәтижелері: (бакалавриат деңгейі бойынша)
1. Психология ғылымының нақты ұғымдар анықтамасын, әдістемелерін білу, терминдердің мағынасын түсну.
2. Студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру.
3. Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрену.
4. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
5. Қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу.