1. Жаратылыстанудағы оқытудың қағидаттарына сипаттама беріңіз Жүйелілік пен дәйектілік қағидаттың маңызын ашыңыз


«Жаратылыстану» қурсындағы төменгі сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесіндегі негізгі мәселелерге сипаттама беріңіз



бет22/28
Дата25.05.2023
өлшемі303,13 Kb.
#97278
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
жаратылыстану ссесия

7.«Жаратылыстану» қурсындағы төменгі сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесіндегі негізгі мәселелерге сипаттама беріңіз
Мектеп жасындағы балаларды эстетикалық тәрбиелеудегі психология-педагогикалық ерекшеліктері жайлы айтып өтейік. Тәрбие алғашқы сыныптардан-ақ басталады, яғни тіл үйрену кезінде, көркем шығармалар оқу, музыка, еңбекке баулу, дүниетану сабақтары арқылы фундаменті қаланады.Бұл жерде ең бастысы — мұғалімнің дайын болуы. Ол көркем жаза білуі, мәнерлеп әрі эмоцияға салып өлең немесе шығармаларды оқи алуы, музыкалық қабілеті болуы маңызды. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне сай оларға жеке жол таба білуі де маңызды факторлардың бірі.Оқушылардың бойына осындай тәрбие бере алу қазіргі заман талабы. Сондықтан да мектептерде орын алып жатқан әртүрлі кішігірім заңбұзушылық, қылмыс, қазіргі тілмен айтқанда буллингтің алдын алғымыз келсе, онда эстетикалық тәрбие таптырмас бір құрал болмақ.Себебі, өзін-өзі дамытқан, жан-жақты толтырған адамдардың басқалардың ақысына кіру, мүлкіне немесе денсаулығына зиян келтіру деген ойы болмайды. Эстетикалық тәрбие жайлы қорытындылай келе байқайтынымыз – бұл әрбір адам баласына керекті әрі маңызды дүние. Ал оны ерте жастан балалардың бойына сіңіре білу де қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі. Әл-Фараби айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Бұл тек қана мұғалімдердің ғана емес, ата-аналардың да мықтап есте ұстауы қажет.
Эстетикалық тәрбие – барлық адам баласына қажетті дүние. Ал оны ерте жастан қолға алу, бала кезінен оларды қоршаған ортадан, қоғамнан, табиғаттан әдемілік көре алатындай тәрбие беру, ойын-сауық жерлерін емес, театр, музейге барудан демалатын шығармашылыққа үйір етіп баулу – мұғалімдер үшін де, ата-аналар мен қоғамымыз үшін де үлкен міндет.
8.«Жаратылыстану» сабақтарында ойынның маңызын атаңыз
Ойын әдісін жаратылыстанудан білім беруде қолдану
Жаратылыстанудан білім беру кезінде ойын түрлерін пайдаланып сабақ ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігін керек етеді. Жаратылыстану пәнін оқыту барысында оқушыларды қызықтыратын ойын түрлерін пайдаланумен қатар, оның тек қызықты жағына ғана көңіл аударып қоймай, ойынның білім, жаңа ұғым беруге итермелейтін, жетелейтін жағына көңіл аударуға тиіспіз. Мәселен, ойын жұмбақтар, шарадалар, викториналар, шытырмандар сияқты түрлерін пайдалануға болады.
Ойынды ұйымдастырудың бірнеше түрі бар: өткен тақырыптарды қайталап, оқушылардың меңгерген білімінің деңгейін анықтауға арналған ойындар; оқушылар шығармашылығын дамытуға арналған ойындар, өз алдына жаңа технология ретінде қолдану арқылы жаңа ұғым беруге арналған ойын түрлері т. б. Ойын кезінде оқушылардың оқу әрекетіне ынтасы жоғарылайды.
Жаратылыстану пәнінен ойынды өсімдіктер және жануарлар бөлімдеріне енетін тақырыптарды өткенде кеңінен қолдануға болады. Сол арқылы әрбір өсімдіктің, жануардың ерекшелігін, қасиетін аныктайды. Олардың пайда, зиянын қорытындылайды. Сол сияқты ауа райы, пайдалы қазбалар тарауларында да ойын технологиясын кеңінен қолдануға жол ашылады.
Ойынды оқушылардың білімін бақылауға арнап та ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оларға түрлі көрнекіліктерді пайдалана отырып тапсырмалар беріледі. Мәселен, өсімдіктер жиынтығының ішінен дала өсімдігін тап, қылқан жапырақты өсімдіктерді ажырат, оларға сипаттама бер; пайдалы қазбалардың ішінен отын есебінде пайдаланатынын тауып, ол туралы жұмбақ құрастыр; жеміс пен жидек туралы жұмбак айтып, ол жемісті жиынтықтың ішінен тап т. б. оқушылар құлшына кірісетін тапсырмаларды құрастыруға болады. Ойын арқылы оқушылардың білімі тиянақталып, өмір тәжірибесі молаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет