1. Жарық терапиясы фототерапия


Клизмаларды қою техникасы



бет26/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

53. Клизмаларды қою техникасы Тік ішекке сұйықтарды екі тәсілмен енгізеді - гидравликалық (сұйық малдың денесінен жоғары орналасқан резервуардан құйы- лады) және қысыммен айдау (сұйықты арнайы приборлар мен қондырғымен құяды). тік ішекке құятын сұйық көлеміне байланысты клизмалар макро- және микроклизмалар болып бөлінеді. микроклизмаларға - тазалаушы, босататын, жуғыш-сифонды, іш өткізетін, қоректен- діруші, терең енетін, субаквальді, ал микроклизмаларға – барлық дәрі-дәрмекті клизмалар (сұйықтың көлемі 50 мл артық болмауы керек) жатады. макроклизмада тік ішекке 20 л, қойларға - 3 л дейін, итке - 1 л құяды. осы мөлшерде емдік нәтиже береді. гидравликалық тәсілде резурвуар ретінде эсмарх кружкасы, су құятын ыдыс, 20 л темір ыдыстары пайдаланылады. ыдыстың төменгі жағында металл түтікше орнатылған, оның бір ұшы ыдысқа бекітілсе, екіншісі ұшы бос болады. түтікшенің бұл ұшының жоғарғы жағына ыдыстың жоғары деңгейіне дейін шыны түтікше орнатады. Шыны түтікше ыдыстағы сұйықтың мөлшерін бақылауға арналған. ыдыстың металл түтікшесінің түбіне ұзындығы 5-6 м резеңке түтік жалғанады, оған металл қысқыш орнатады, ал оның бос ұшы ішек тампонатырымен жалғанады. ірі малдың тік ішегіне сұйықтарды енгізер алдында оның бос ұштығын немесе тампонаторларды (меликсетянның - тері-резеңкелі, целищевтің - резеңкелі, майердің - металды) қайнатады, денатурат спиртімен сүртеді, сонан кейін бос ұштығын немесе тампонаторларды вазелинмен майлап, анальді саңылауға енгізіп, сұйықты жібереді. Қысыммен айдайтын клизмада суды тік ішекке приборлармен (гидропульт, су құбыры) белгілі қысыммен жібереді. бұл тәсіл үшін су араластырғыш қажет, ол судың температурасын қажетті жағдайға келтіреді. қысыммен айдайтын клизманы, өте сақтықпен белгілі аздаған қысыммен жібереді. тазалаушы клизманы барлық клизмалар алдында тік ішекті нәжістен босату үшін пайдаланады. ол үшін ірі малға 7-10 л, (ұсақ малға 0,5-1 л) дене қызуындағы суды енгізеді. босататын клизманы іш қатқанда, нәжіс бөлу актісі бұзылғанда тағайындайды. оны суға кілегейлі қабықты және жүйке ұштарын тітіркендіретін, соңында сөл бөлуді, перистальтиканы күшейтіп, нәжісті сұйылтатын, нәжіс бөлу актісін жеделдететін, аздаған глицерин немесе ерітілген сабын қосып қолданады. малда парасимпатикалық жүйке жүйесі қозғанда темпера- турасы 35°с дейінгі су, ал симпатикалық жүйесі қозғанда - температурасы 18-24°c суық су қолданады. жуып-шаятын сифонды клизманы тік ішекті жыннан босату үшін және кілегейлі қабықты сөлден, іріңнен, уытты өнімдерден босату үшін де қолданады. ол үшін температурасы 40-42°с су, тұздың калий пер- манганатының әлсіз ерітінділерін қолданады. клизманы бірнеше рет қайталайды. іш өткізетін клизманы іш өткізу үшін қолданады. ол сөл бөлу, трансудация, күшейгендіктен немесе перистальтиканы реттестіргендіктен болады. ірі малдың тік ішегіне 1,5-2 л, 30-35°с жылытылған, ұсақ малға 50-300 мл шприцпен катетер арқылы жылытылып енгізіледі. Қоректендіруші клизманы малдың ұзақ мерзім азыққа зауқы болмағанда және басқа да себептермен танау-өңеш зондын енгізуге мүмкіндік болмаған жағдайда жасалады. бұл клизманы жасау үшін алдымен тік ішекке босатқыш клизма жасайды, сонан соң резеңке түтікшеге воронка арқылы дене қызуына дейін жылытылған қоректендіргіш заттарды құяды. тәулігіне 3-4 қоректендіруші клизма жасайды. әрбір қоректік заттарды құйғаннан кейін малдың құйрығымен анальді саңылауды жауып тұрады (10-15 минут). Субаквальді клизма-бұл бүткіл асқазан-ішекті емдеу үшін жуып-шаю. тәжірибеде итке қолданады. бұл клизманы ауыр дертте, жүрек, бүйрек пен асқазанның ойық жаралы ауруларында қолдануға болмайды. босатқыш клизма жасаған соң 30 минуттен соң жасайды. эсмарх кружкасын (36-40°с) жылы суға толтырады. ұштықты вазелинмен майлап, тік ішекке енгізеді, ал бос ұшын бірнеше қабат дәке бинтімен орайды. кружканы 1,5-2 м жоғарыда ұстайды. итте қатты ауырсыну болса судың қысымын азайтады. итте құсу пайда болса, онда су асқазанға жеткендігінің белгісі. алғашқыда құсықпен бірге азықтың қалдықтары, ал соңынан келесі құсқанда (кейде 8 ретке дейін құсады) таза су бөлінеді. бұл асқазан- ішектің толықтай жуып-шайылғанын көрсетеді. ұштықты тік ішектен шығарады, ал итті серуенге жібереді. негізінен 2-3 сағаттан кейін иттің азыққа тәбеті пайда болады, жалпы зат алмасу жақсарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет