90. Жүрек жеткіліксіздігін емдеудің және алдын алудың негізгі принциптері Жүрек жетіспеушілігі деп ағзалар мен тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет затармен қамтамасыз ету және метоболизм өнімдерін шығаруға негізделген қанайналым аппаратының (соның ішінде жүрек) өзінің жұмысын атқара алмауын айтады, тіндердің метаболиттік қажеттелігін қанағаттандыру үшін керекті қан көлемінің азаюы жүректің қамтамасыз ете алмауынан туатын патологиялық процесс Жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігін емдеу жануарда қан айналымының бұзылуын тудырған ауруды емдеуге және бұзылған қан айналымын қалпына келтіруге бағытталуы керек. Жануарлардың иелері
ауру жануарға тыныштық береді, ауыз судың мөлшерін шектейді,
қоректік заттармен, дәрумендермен және минералдармен теңдестірілген тамақтану рационымен қамтамасыз етеді. Жануар 2-3 сағат бойы жеңіл серуендейді. Дәрілік препараттардан , строфантин (дене салмағының 100 кг – на 0,5 мг), кофеин, камфора,
өт айдайтын, асқазан-ішек жолдарының функцияларын қалыпқа келтіретін,
тамырды кеңейтетін, анальгетиктер, седативті препараттар (кофеині
бар адонис, бром, транквилизаторлар және т.б.) тағайындалады. Ауру жануарда ісіну пайда болған кезде диуретинді калий тұздарымен, меркузал, фуросемидпен бірге қолданылады. Ауыр жағдайларда ауру жануарға строфантин және оған жақын препараттар енгізіледі. Егер ауру жануарда іш
қату және метеоризм болса, іш жүргізетін тұздар беріледі. Қыста фермаларда жануарларды сынап — кварц шамдарымен (PRK-2 және PRK-7) сәулелендіруді ұйымдастырған дұрыс. Алдын алу. Жануарлар иесінің жүрек – қан тамырлары жеткіліксіздігінің алдын алу жүрек – қан тамырлары жеткіліксіздігін тудыратын аурулардың алдын алуға бағытталуы керек. Иелері өз жануарларына қалыпты зоогигиеналық жағдай жасап, толыққанды тамақтандыруды ұйымдастыруы керек.