1. Жарық терапиясы фототерапия


Балшықпен емдеу Балшықтарды емге қолдану



бет28/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

55. Балшықпен емдеу Балшықтарды емге қолдану - (жалпы атауы - «пелоид»). пелоидтер (грек. pelon - лай, өлі балшық) - бұл күрделі биологиялық және геологиялық процестер әсерінен пайда болған табиғи заттар. емдеу мақсаты үшін ванна және опликация түрінде қолданылады. балшық пен торфтың мал организміне биологиялық әсері мынадай: a) әр түрлі температурадағы коллоидты пластикалық масса термикалық әсер етеді; ә) балшық құрамындағы кальций, темір, алюминий және кремний қышқылы тұздары теріге және кілегей қабықтарға бырыстырғыш әсер етеді; б) кейбір балшықтардың радиоактивті әсері болады. Балшық пен торфпен емдегенде зат алмасу процестеріне әсер етеді. несеп бөлу органдарының, ішкі секреция бездерінің қызметін т.б. жақсартады. балшықпен емдеудің емдік әсерінен нейрогуморальдық жолмен организмде температуралық, механикалық және химиялық тітіркенулер жүзеге асады. балшықтардың жылу өткізгіштігінің төмендігі, жылу конвекциясының аздап бөлінуі балшықтарды салыстырмалы түрде жоғарғы температурада пайдалануға мүмкіндік береді. балшықтардың үш түрі қолданылады: өлі балшық, сапропелді және торфты. өлі балшық - пластикалық жұққыш массалы, қара түсті, күкіртті сутегі мен аммиак иісті болып келеді. өлі балшықтар су қоймаларының, өзеннің және теңіздің түбінде кристалл қаңқадан, коллоид фракциясы мен лай ерітіндісінен пайда болады. өлі балшықтың көлемі лайдағы коллоидтарға байланысты болады және де ол шамамен жалпы мөлшердің 50-95 % аралығында жатады. балшықтың пайда болуына микроорганизмдер өте белсенді роль атқарады (а. вериго). Сапропелді балшықтар - ашық тұщы су қоймаларының түбінде пайда болатын органикалық коллоид, ол өзі көкшіл түсті қоймалжыңдалған масса тәрізді болады. сапропель сұйық және қатты углеводтардан, күрделі эфирлерден, органикалық қышқылдардан және қара майлардан тұрады: олар өлі балшық- тардан құрамында органикалық заттардың барлығымен, жоғары ылғал сыйымдылығымен және жылу ұстағыштығымен ерекшеленеді. Торфты балшықтар- өсімдік организмдерінің оттегі жоқ жерде ұзақ мерзім ішінде шіру нәтижесінде пайда болған өнім, олардың құрамында гумус, гумус қышқылы, қара майлы заттар, кремнезем, глинозем, фосфор қышқылды және күкіртті темір, хлорлы натрий, күкіртті сутек, бос күкірт қышқылы бар. торфтың өлі балшыққа қарағанда жылу сыйымдылығы көп те, ал жылу өткізгіштігі төмен. емдеу мақсаты үшін тұшы сулардың ылғал- дылығы 60-65% және гумификациясы 50-70% торфтар пайдала- нылады. ветеринариялық (мал дәрігерлік) клиникалық тәжірибеде балшық пен торф жергілікті жерді балшықпен булауларға, орануға және тампон түрінде (тік ішекке, қынапқа) қолданылады. балшықпен торфты қыздыру әдісі мынандай: табиғи түрдегі балшықты, торфты алдын ала ботқа тәріздес консистенцияда сумен ылғалдап шелекке құяды да, оны қайнап тұрған суға салып қояды. массанытұ араластырып тұрады және оның температурасын термометрмен бақылап тұрады. балшықтардың қолдану жағдайлары: нефриттер, жұлын мен оның қабығының жарақаттануы, радикулиттер, созылмалы гастриттер, созылмалы колиттер, энтероколиттер. Қолданылмайды: кахексияда, нефриттерде, нефроздарда, қан аққанда, жүректің декомпенсациясында және жіті процестерде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет