66. Миокардиттің патогенезі Миокардит (муocarditis) - миокардит жүрек бүлшық етінің қабынуы. миокардиттің мынадай клиникалық түрлері болады: өтуі бойынша - жіті және созылмалы; аурудың таралуы бойынша - ошақты және жайылмалы; пайда болу себептеріне байланысты - негізгі және туындаған түрлері. Дамуы. Жүрек етінің қабыну процесі организмде орын алған негізгі аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустарының шығарған уыттарынын жүрек етіне әсер етуі зардабынан пайда болады. Аурудың алғашқы кезінде экссудаттык процесі басым болып, жүрек етінің талшықтары домбығады, сонан соң оларда альтерация-пролиферация процестері басталады. Г.В.Домрачевтің мәліметі бойынша жіті миокардит екi кезенде өтеді. Бірінші кезеңінде жүрек еттерінде әлі айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, тек қабынудан пайда болған жат және басқа да түрлі уытты заттар миокард рецепторларын (сезімтал жүйкелерін) қоздырып, жүрек қызметін күшейтіп, жеделдетеді. Жүрек қызметінің тездетілуі артериядағы қысымды күшейтіп, кан айналысын жеделдетеді. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қажуына байланысты миокардтын коректенуі жеткіліксізденіп-азғындауы (дистрофия-дегенерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым азайып, кан айналысы баяулайды. Осы кезеңде ентігу, көгілдір тарту, ісінулер пайда болып, бірінші кезеңдегі аурудың барысымен салыстырғанда, жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылғандығы айқынырақ білінеді. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер, миокардиттің даму түрлері, көпшілігінде негізгі аурулардың ерекшеліктері мен өту жайына көп байланысты болады. алдыңғы экссудаттың басым болған кезеңінде, жүрек етінің домбыққандағы, кесіп қарағанда түсінің қызғылттанып, кейде теңбілденіп, қанталағаны көрінеді. қоректенуі бұзылып-азғындаған кездерінде (дамудың екінші кезеңінде) жүрек еті бозарады, бұлдырланады, кесіп қарағанда өзіне тән кескіні жойылады. азғындағаны айқын білінгенде жүрек етінің түсі піскен етке үқсап, божырап, ыдырағыш келеді. жүрек етін аурудың әр түрлі кезеңдерінде гистологиялық әдістермен зертте- генде, өзгерістер ет талшықтарында, миокардтың дәнекер ұлпаларының тұлғасында, тамырларында және жүйкелерінде болатыны айқындалады. ет талшықтарында, көбінесе, нәруыз (белокты) немесе майлы азғындау, дәнекер үлпаларында ісіну - негізгі заттардың бұзылып өзгеруі, лимфа түйіршіктерінің (лимфоцит), кезеген торшалардың, кейде түйіршікті лейкоциттердің (гранулоцит) шоғырлануы көрінеді. Тамырлардың өзгеруі оның төңірегіне инфильтраттың (торша- лық элементтердің, қанның, лимфаның үйысуы) жиналуымен, майда тамырлардың қабырғалары гиалиноздауымен (шыны тәрізденіп жылтырауы), кейде тамырдың ішінде қанның ұюымен (тромб) бейнеленеді.