58. Формакотерапия Арнайы фармакотерапия негіздері. ауру малды емдеуге түрлі фармакологиялық заттарды қолдану - фармакотерапия деп аталады. фармакология заңдарын білу, мал дәрігерлеріне, фармакотерапия әдістерін қолдануда өте пайдалы көмегін тигізеді. бірақ. тек фармакотерапия арқылы ауруды жеңуге болмайды, сондықтан оны басқа емдеу әдістерімен қоса жүзеге асыру керек. сонымен қатар ауру малдың күтімін, қорегін жөнге қойып, аурудың себебін жою қажет. фармакотерапия заттарының арасынан химия препараттары мен антибиотиктердің маңызы зор. мал дәрігерлік тәжірибеде бұл препараттар көп қолданылады және өте пайдалы әсер етеді.
59. Жылқының соқыр ішегін тесу әдісіЖылқының соқыр ішегін тесу ол кенеттен жіті түрде газға толып керілгенде және малдың өміріне қауіп төнгенде істеледі. Ол үшін соқыр ішектің бас бөлігін мандренді ұзын инемен немесе жіңішке троакармен теседі. Тесу нүктесі малдың оң жағында, аш шұңқырдың ортасында, сергек пен ақырғы қабырғаның ортасын қосатын сызықтың бойында орналасады. Ине кіретін жердің терісін аздап жылжытып, иненің үшін кеуде шеміршегіне қарай бағыттап еңгізеді. Инеден мандренаны шығарып алып, соқыр ішекті газдан босатады. Газ шығып болғаннан кейін сол ине арқылы залалсыздандыратын, газды сіңіретін дәрілердің ерітінділерін жібереді. Ине кірген жерде тіндердің өлі еттенуі болмас үшін оны бір сағаттан ерте шығармайды. Иненің орнын йодтың спирттегі ерітіндісімен залалсыздандырып, коллодиймен желімдейді.
60. Артериосклерозды емдеу Артериосклероз (arteriosclerosis) - артерияның әктеніп қатаюы тамырдың қабырғасында дәнекер ұлпалардың өсіп қалын- дануымен сипатталады. бұл аурудың пайда болуына, көбінесе атеросклероз - тамырдың ішкі қабығына холестериннің (май тәріздес зат) жабысып шоғырланып нығыздауы себепкер болады. Емі. артериосклероздың толық дамыған кезінде емдеу нәтиже бермейді. жылқыларды жеңіл жұмысқа ауыстырады да, жүйелі түрде демалып тұруын қадағалайды. аурудың дамуының алдыңғы кезеңінде азықтандыруды реттеумен қатар (диетотерапия) йодты препараттар, жүрек қан-тамыр дәрі-дәрмектерін қолдану жақсы нәтиже береді, солармен қатар ұлпалық емде қолданады.