84. Қан тамырлартромбозының патогенезі Дамуы. Пайда болган қан ұйындысы кейде жұмсарып кайта таралып кетеді, кейде тығыздалып кан-тамырының кабыргасын кабындыруы мумкін. Венадары каннын ұйылмалы бекітілуі, көп жагдайларда тиісті агзалар мен ұлпалардың кызметтерін катты бұзып, оларды шірітіп, ыдыратуға дейін апарады. Осындай жағдайларда малдардың жумыска кабілеттілігі мен өнімділігі күрт төмендейді. Ірі кан-тамырлардын, мәселен іш қолқасының (брюшная аорта), мықын артериясының (подвздошная артерия) бекітілулері, әдетте малдарды тез арада өлтіреді.
85. Тіндік терапияҰлпамен емдеу организмді емдеудін белсенді әдістерінің біріне жатады. Ұлпалық терапияның негізін қалаған галым В. П. Филатов 1933 жылы көз ауруын емдеуде осы әдісті ұсынды. Ұлпалык терапияның теориялық, негіздерін В. П.Филатов келесі жағдайлармен тұжырымдайды. 1. Жануарлар немесе өсімдік организмнен болініп алынган ұлпалар тірі кезінде, оларга сырткы орта колайсыз әсер еткен кезде, олардың биохимиялык курылымы өзгеріп, осы ұлпалардағы биологиялық процестерді серпіндіруші заттар бөліп шығара бастайды. Колайсыз жагдайларда ұлпаларға өмір сүруге әсерін тигізетін бұл заттар биогенді серпіндіруші немесе биологиялык пайда болган биогендік стимулятор деп аталган. 2.Организмге енгізілген биогенді серпіндірушілер ондағы өмір процестерін, зат алмасу процесін кушейтеді, сонымен бірге физиологиялык кызметті жоғарылатып, патогенді әсерлерге карсы тұру мен регенеративтік кызметті кушейтеді, сөйтіп аурудан жазылуға әсерін тигізеді. 3.Биогенді серпіндірушілер организмге колайсыз жагдайлар әсер еткен кезде де, ондағы биохимиялык кайта курылудың нәтижесінде пайда болады. 4.Биогенді серпіндірушлердің пайда болуына ыкпал ететін орталардың әсері әртурлі болуы мумкін. 5.Биогенді серпіндірушілер ұлпаларға, олардын метаболизмін бұзатын сырткы және ішкі әсерлердің нәтижесінде жиналады, химиялық тұрғыдан қарағанда олар бұзылған зат алмасудың өнімдері болып табылады. 6.Ортаның колайсыз әсерін биогенді серпіндірушілердің пайда болуы букіл тірі табигат ушін жалпы заң болып есептеледі. 7.Биогенді серпіндірушілер барлық организмге әсер етеді, олардың әсер диапазонының кеңдігі соған байланысты. В.П.Филатовтын пікірі бойынша, ұлпа экстрактарының демеушілік әсері олар дайындалған ұлпа түріне байланысты емес. В. П.Филатовтын әдісі бойынша жасалган дәрілер - алоэ экстрактысы, пелоидин (емдік балшык экстрактысы), белок немесе полипептидтер болмайды жоне олар тандаулы әсер етпейді. Бул дәрілерді кун сайын егеді (емдеу узактыты 20-30 егу). И.А. Калашник әдісімен бауырдан, еннен жоне баска мал ағзаларынан даярланған дәрі-дәрмектер кұрамында 15-17 % ыдырамаган белок болады, онын ыдырауының жоғары молекулярлық өнімдері организмге өздері даярланган ағзалар мен ұлпаларга таңдамалы турде жалпы ынталандыргыш әсерін тигізеді. Кұрамында коагуляцияланган белок жэне биогенді серпіндіргіштердін жоғары концентрациясы бар сұйык ұлпа экстракттарын еккен кезде олардың әсері тез және кушті болады, бірак аз уакыт әсер етеді. Сондыктан егуді 8-10 кунде кайталаган дұрыс. И.А.Калашник әдісі бойынша даярланған белоктын, ұлпалык экстраттардың мөлшері 0,3-0,5 мл (муйізді ірі кара ұлпасы), 0,5-0,7 мл (жылкы ені) малдын 10 кг салмағына, бауыр мен талақтың белоктық экстратының шошка үшін мөлшері 1 кг салматына 0,1- 0,2 мл-ге тең болады. Консервіленген улпаны отыргызган жамалган кесектің организм жанынан әсерге түсетін беті салыстырмалы турде кіші болып, таралу процесі баяу бір айга дейін өтіп, емдеу әсерінің ұзақ жэне бір калыпты турактылығын камтамасыз етеді. Жылкы мен муйізді ірі караға ұлпа отыргызу ушін 10 г дейінгі салмакта бір кесек талақ және 3-5 г буйрек безі алынады. Кажет болган жағдайда отыргызуды 1,5-2 айдан кейін кайталайды. Келтірілген орташа жобалык мөлшер ол ауру ерекшелігімен процесс сипатына карай өзгеруге тиіс. БІдырамаган белок кұрамды сұйык ұлпалык дәрі-дәрмектерді тагайындаган кезде өте сақ болу керек, жогарыда келтірілген себептер салдарынан мөлшерден артық беріліп кетуі тіпті онай нәрсе. Улпамен емдеу тиімділігі шоктық тұсынан ірінді-өлу процесі, ойык жара, ұзак жазылмайтын жаракат, фурункулез, кератоконьюктивит, желінсау, туғаннан кейінгі аскыну кездерінде, бронх демікпесі, альвеолярлык өкпе эмфиземасы, шығу тегі жұкпайтын анемия кезінде аныкталды. Септикалык процестер кезінде, жұкпалы аурулар кезінде, журек, бауыр жоне бүйрек ауруларында, организмнің жалпы әлсіреген кезінде қолданута болмайды.